Саясаттану



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Ағылшын
-
американдық
саяси жүйе түріне АҚШ, Ұлыбритания, Канада, 
Австралия, Бельгия, Дания, Норвегия, Швейцарияны жатқызады. 
Саяси жүйенің бұл түрі өзінің бірыңғайлығымен
,
біртектілігімен 
(гомогендігімен) ерекшеленеді. Яғни, бұл саяси жүйенің әрбір элементтері 
белгіленген мақсатқа жетуі үшін, оны іске асыратын тәсілдерге жалпы 
қолдаушылық көрсетеді. Олардың мақсаттары тұрақты болып келеді. 
Саяси жүйенің бұл түрінде халықтың көпшілігі азаматтардың бас 
бостандығы мен ауқатты тұрмысын

қауіпсіздікті басты мақсат етеді. Және осы 
мақсатқа сай мемлекеттік билік қалыптастыруыды қалайды. 
Бұл саяси жүйенің әрбір элементінің орны (ролі) мұқиятты түрде 
дербестелінген (яғни, бірі 
-
бірінен тәуелсіз). Әрбір элемент өзінің мақсаттары 
мен міндеттерін нақтылы анықтап бұлжытпай орындауы тиіс. Ал элементтердің 
ара
-
қатынасы тәртіппен реттелген және айқын ережемен қамтамасыз етілген. 
Мысалы, саяси жүйенің бір элементі басқа бір бағытқа ауысып бара жатса 
да, басқа элементтері өзгермейді. Сол себептен бұл саяси жүйе өзінің негізгі 
бағытынан ешбір ауытқымайды. Яғни, олардың өзара іс
-
қимылы саяси биліктің 
үш тармағының ара
-
қатынасы сияқты тежемелік әрі тепе
-
теңдік жүйе
сақталады
.
Осыған орай АҚШ
-
тың саяси саласында белгілі бір жаңалықты енгізу 
немесе көнерген бір ережені бұзу қиын. 
Сонымен, ағылшын
-
американдық саяси жүйе жоғары дәрежедегі
тұрақтылығымен
,
биліктің бөлінуімен және оның ықпалдылығымен 
ерекшелінеді. 
Г.Алмондтың ұсынысы бойынша
,
континенталды
-
европалық
саяси 
жүйеге Франция, Германия, Италия, Испания және т.б. мемлекеттер жатады. 
Бұл саяси жүйенің элементтері оқшауланбаған

Әсіресе
,
саяси мәдениеттің 
қызметі заңдастырылмаған. Сол себептен саяси жүйенің басқа элементтерінің 
іс
-
қимылына саяси мәдениеттің әсері тұрақты болмайды.
Мысалы, Францияда билік көбіне дәстүрлі сайлау арқылы
,
яғни, 
демократияның негізгі жолымен құрылады. Бірақ сонымен қатар, шешімді 
плебисцитарлық түрде қабылдау да жиі кездеседі. 
Плебисцитарлық деп халыққа тікелей үндеу арқылы шешім қабылдауды 
айтады. Францияның тарихында Наполеонның да, Шарль де Гольдің де 
плебисцитарлық демократияны пайдаланғаны белгілі. 
І Наполеон 1799 жылы плебисцитарлық үндеу арқылы республиканың 
орнына монархияны қайтарып әкелді. Шарль де Голль осындай әрекет арқылы 
1958
жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика 
орнатты. Бұл оқиғаларда үстемдік алған саяси жүйенің тек бір ғана элементі 

саяси билік болды. 


99
Италияда, Испанияда, Германияда ХХ ғасырдың бірінші жартысында 
халықтың саяси мәдениеті фашистік режимнің келуіне тойтарыс бере алмады. 
Бұл елдердің саяси өмірінде популистікке (яғни, бұқараға жағымпаздану) 
бейімделу кездеседі. 
Континенталды
-
европалық саяси жүйеде әртүрлі идеология ұстанады

Егер ағылшын
-
американдық саяси жүйеде көбіне консерватизмді, либерализмді 
ұстаным ететін болса, континенталды
-
европалық жүйеде неолиберализм, 
неоконсерватизм, кейде тіпті маркстік, социалистік идеология да орын алады.
Бұл саяси жүйедегі саяси партиялардың мемлекеттегі ролінде де 
ерекшеліктер бар. Егер ағылшын
-
американдық жүйеде міндеті белгіленген, 
заңдастырылған екі партия болатын болса, континенталды
-
европалық саяси 
жүйе тарихи қалыптасқан дәстүрлі көппартиялықпен ерекшелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет