104
ҮІІІ тарау
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ.
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен
шыққан. Идея
–
көзқарас,
логос
–
ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні
–
«идея
туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі.
Идея
–
ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік
-
саяси топтың ғана
көзқарасы. Ал идея идеологияға
айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде
жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады.
Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе
мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея
идеология ретінде қабылданып іске асырылады.
Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның
–
К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы:
еңбекшілер
буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар
әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол үшін жұмысшылар
таптық
революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып,
социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді.
Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін
коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып,
өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік
биліктің ұйғаруымен осы
ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология
бойынша 70 жылдай өмір сүрді.
Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал
-
реформизммен
байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің
идеясы
ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке,
теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды
буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ,
жұмысшы табын қорғайтын
партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді
қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны
ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында
Еуропаның
көптеген
елдерінде
социал
-
демократиялық
партиялар
ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы
өз парламенттерінен орын
алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы
еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы
идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда “демократиялық
социализм” деп аталады.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: