Саясаттану



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

капитализмнің
қалыптасып 
дамуына зор әсер етті. 
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына 
байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм 

неолиберализм бөлініп шықты. 
Неолиберализм

азаматтар мен қоғамның экономикалық және 
әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. 
Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып 
қарасақ, алғашқыда бір
-
біріне қарама
-
қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, 
либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал 
неолиберализм керісінше 
-
мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, 
осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама
-
қарсылық жоқ. Неолиберализм 
идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен 
байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтық 
қатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы 
дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, сол 
себепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. 
Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін 
мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясы 
бойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі 

нарықтық жағдайда 
азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау. 
Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі 
“түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет 
“жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси 
партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін 
болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі 

либералдық
-
демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, 
Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің 
лайықты орындарын алуда. 
ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол 

консервативтік (консерватизм) идеология. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет