105
деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс
саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын
теориялық тұрғыдан
жан
-
жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша
-
идеология мемлекеттің,
саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы
мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.
Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы,
Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия
–
мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік
деп ұлы ойшыл анықтама
береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша:
“идеология
--
ол қоғамдық қарым
-
қатынастарға
көзқарас қалыптастыратын
құрал
”.
Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының)
мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет,
билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы
тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда
қоғам дамуының
өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған
мемлекеттер аз болған жоқ.
Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы
тиіс.
Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның
әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой
-
пікірлерінің, яғни
идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен
мемлекеттік
идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: