121
мәнін кеңірек талдап, белгілі деңгейде теориялық тұжырым жасап, әртүрлі
нәсілдер,
халықтар
мен
этнотілділік
компоненттерінің
ерекшелігін
айқындауымыз жөн.
Қазақстан халқы қауымдастығы ұлттық
-
миграция сияқты аса күрделі
тарихи даму барысында қалыптасуда. Осы қауымдастықтың қалыптасуы
кезінде халықтардың біртіндеп саяси, әлеуметтік
-
экономикалық
және мәдени
топтасуы байқалып отыр. Олардың өмір
-
тіршілігінде қоғамдастық, сана
-
сезім
бірлігі өріс жайып келеді.
Көпұлтты, әртүрлі нәсілдік және әртүрлі конфессиялық қоғам «Қазақстан
халқын» құрайды. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі бола
отырып, қазақ мемлекетінің бірлігін қалыптастырады. Бүгіндегі Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болған 190
-
ға жуық мемлекеттің ішінде Қазақстан
жерінің аумағы жөнінен (2724,9 мың шаршы шақырым) әлемде тоғызыншы, ал
халқының саны жағынан елуінші орын алады.
Қазақстанда көпұлттық, әртекті этносаяси қоғамдастықтың қалыптасуы
өзінің әлеуметтік өрісі жағынан жалпы адамгершілік рухтағы
мазмұнды байыта
түсуде.
Сөйтіп,
Қазақстан
халықтарының
этносаяси қауымдастығы
жалпықазақстандық рухани күш сипатында, өзінің әсері, табиғаты жалпы
адамзаттық және интернационалдық сипатта болса, екінші жағынан, көп ұлтты
халықтардың қазіргі қоғамдық дамуына сәйкес ұлттық ерекшеліктерімен бой
көрсетіп отыр. Қазақстан халықтарының этносаяси қауымдастығының айрықша
ерекшелігі сол, азаматтарды ұлт құраушы белгілерімен емес,
халықтардың
этносаяси қауымдастығының ерекшелігін берік ұстану, қолдау негізінде,
олардың экономикалық, мәдени мүдделі мақсаттарының негізінде, тарихи
тағдырдың ортақтастығы негізінде бірігу.
Жинақтай айтқанда, өркениетті қоғам құру,
осы негізде көпжақты,
жалпыадамзаттық белгілер: мәдениетте, тұрмыста, әлеуметтік
-
экономикалық
өмірде, тіл саласында өзіне тән әрбір этносқа сай қасиеттер қалыптастыру.
Сайып келгенде, осы ерекшеліктердің бәрі Қазақстан халықтарының сана
-
сезімі
мен бірлігін нығайтудың, мемлекетке топтасудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбір халқы мен этникалық тобы
-
мемлекетіміздің этносаяси қауымдастығының құрамды бөлігі болып табылады.
Осы қауымдастықтағы әрбір халық Қазақстанның
жалпы дамуына белсенді
үлес қосуда. Ал Қазақстан мемлекеті, өркениетті республика халықтарының
әрқайсысының жан жақты дамуын тездетеді.
Біртұтас Қазақстан халқын қалыптастырудағы жоғарыда көрсетілген
Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы орасан зор.
Қазақстан халқының қауымдастық ретінде қалыптасу процесінде
“
қазақстандық”, “қазақстандық патриотизм”, “жалпы қазақстандық мақтаныш”,
“
қазақ тілі
–
мемлекеттік тіл
”, “
қазақстандық ғылым”, “қазақстандық әскер”
және басқа да факторлар пайда болып, ол жаңа теория жағынан толыға түсуде.
Бұған нақтылы дәлелдің бірі
–
Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайтын болуы.
1991жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
азаматтардың сана
-
сезімі мен рухында жалпы қазақстандық мақтаныш сезімі
122
қалыптасып,
кең өріс жайып, өз табиғатына жаңа мазмұн мен толық та терең
түсінік ретінде бой көрсетіп отыр. Жаңа жағдайда орнығушы осы мақтаныш
сезімі Қазақстан Республикасын мекендеуші әр халықтың ұлттық сана
-
сезіміне
терең бойлай бастады. Бұл жетістік Республика халықтарының демократиялық
қоғам құру мақсатын жаппай қолдауы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі
нәтижесінде қалыптасуда.
Достарыңызбен бөлісу: