124
3)
Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
Қоғамдағы әртүрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің
қажеттіктері, мақсаттары сан қилы; кейбір жағдайда олар өзара қарама
-
қарсы
келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық
қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде анықтап,
асқындырмай реттеп, халықтың талап
-
тілектері мен мүдделерін үйлестіріп,
қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай
жасауы керек. Бұл өте маңызды саяси мәселе. Демократиялық мемлекеттерде
биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына
бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл
-
кеңес беретін
құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми
-
талдау жұмыстарын жүргізіп, ең
дұрыс, ұтымды шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
Бұндай шешім қабылдаушы саяси ел басқарушылары мен оны
орындаушылардың арасында өзара тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы
Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар
ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап,
солардың бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік
органдардың, мекемелердің жауапты қызметкерлері болды. Осының
нәтижесінде ақылға сыйымсыз жағдай туындады: шешімді қабылдаушылар
ештеңеге жауап бермейтіндер, ал жауап берушілер оны қабылдауға
қатыспайтындар еді. Бұның бәрі қандай нәтижеге әкелетінін өмірдің өзі
көрсетті.
4)
Достарыңызбен бөлісу: