Саясаттану



Pdf көрінісі
бет88/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Үшінші кезең

көріну кезеңі. Алғашқы дүмпулер, алғашқы 
қақтығыстардың басталуы.
Осыдан кейінгі басқа кезеңдер, мысалы, ашық қарсылық білдіру, 
қақтығыс кезеңінің болуы да мүмкін. Ал шиеленістің ең соңғы кезеңі 

бұл 
ушығу кезеңі. Соңғысы қарсылық көрсетуге адамдардың үлкен шоғырын 
жұмылдырумен, 
шиеленіс 
аймағының 
ұлғайтуымен 
ерекшеленеді, 

өркениеттілік” түрінен қарулы күреске көшіп, қарсыласқан екі жақтың да 
өмір
-
тіршілігіне нұқсан келуі мүмкін. Адамдардың үлкен шоғыры тартылып
ушығу сипатындағы шиеленістерге бұрынғы Югославия провинцияларындағы 
соғыс, Ауғанстандағы әскери қақтығыстар, грузин
-
абхаз
-
осетин, СУАР 
шиеленістері және т.б. соғыстар жатады.
Саяси ушығу кезеңіндегі шиеленістер көбінесе бір қоғамның ішінде кең 
орын алады. Мысалы, қылмыскерліктің ұйымдасқан түрі өсуі, сыбайлас 
жемқорлық, армиядағы әлімжеттік жасау. Шиеленістің мұндай түрлерінің 
жеңіл және тез шешілуі қиын, себебі олар ұзақ жылдар бойына қордаланған. 
Олар алғашқы кезде байқалмайды, іштен асқына береді. ТМД мемлекеттерінің 
кейбіреуінде бұл аяқ астынан пайда болғандай көрінуі мүмкін, алайда олардың 
түбірі ондаған жылдар бұрын тамырланған болатын. 
Саяси шиеленістердің негізгі себептері 

материалдық игіліктердің, 
құндылықтардың, биліктің жеткіліксіздігі кез
-
келген, тіпті дамыған қоғамның 
өзіне де тән құбылыс. Сондықтан әлеуметтік шиеленістерге әдеттегіден тыс 
жағдайға (аномалияға) қарағандай қарауға болмайды. Керісінше, әлеуметтік 
шиеленіс ақыр соңында саяси қарым
-
қатынастарды жетілдіреді. Адамзат 
тарихының ең ерте кезеңінде тіпті мемлекет сияқты саяси институттарды 
туындатып, дамытуға ықпал жасаған әлеуметтік шиеленістер болды. 
Шиеленістердің ұдайы шешіліп отыруы қоғамдағы қарама
-
қайшылықтарды 
жою үшін мекемелердің қарқынды дамуына жол ашады.
Егер қоғам ішіндегі шиеленісті факторлар болмаса және әлеуметтік 
қатынастар орнықты, ешбір мінсіз үндесіп тұрса, ол кезде шиеленістерді 
ауыздықтау мен реттестіру функцияларын атқаратын саяси институттардың 
пайда болуын және олардың қызметтерінің қажеттілігін немен түсіндіруге 
болады? Бұның ең қысқа жауабы: шиеленісуші әлеуметтік топтар мен таптар 
арасындағы билік айтушы, араша болушылар (арбитр) ретінде мемлекет , саяси 
билік, саяси жүйе пайда болды. Сондықтан әлеуметтік шиеленіс 

қоғамның 
саяси дамуының негізі болып табылады.


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет