135
Өкінішке орай, әлемнің көптеген елдерінде осындай ғылыми орталықтар
жоқ, соның салдарынан саяси шиеленістер бақылаудан шығып кетіп, асқынуға
дейін барса, кейбір жағдайда қантөгістік сипат алуы да мүмкін.
Саяси шиеленістер өзінің дамуы барысында әртүрлі
кезеңдерден өтуі
мүмкін, осыған сәйкес олардың алдын алу үшін әртүрлі іс
-
шаралар қолданылуы
тиіс.
Бірінші кезең
–
шиеленіс негіздерінің орын алуы, шиеленіс әлі болмаса да
оның себептерінің жинақталуы. Мысалы, ұлтаралық қатынастарда тұрғылықты
жерде құқықтық қолдау алмаған стихиялық демографиялық
процестер немесе
белгілі бір этностардың өзіндік санасының өсуі.
Екінші кезең
–
біліну кезеңі.
Шиеленіс жоқ, алайда әрқилы топтардың талаптары,
қарсылықтары айтыла
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: