139
өкіметтік билік үшін белгіленген уақыт аралығында заң арқылы бәсекелесіп,
саяси шиеленістерді болдырмай ескі биліктің заңмен алмасу мүмкіндігін
тудырады. Бұның бәрі мемлекет Конституциясы шеңберінде болатын саяси
күштерге қажетті қарсы мүдденің және саяси мекеме ретіндегі ресми түрде
танылған оппозицияның қалыптасқан жағдайында өтуі мүмкін.
Тоталитаризмнен демократиялық саяси жүйеге өту сатысы ұзаққа
созылатын және қиыншылыққа толы күрделі процесс. Ол
бірқатар шарттарға
негізделген. Атап айтқанда, бұған қоғамдағы саяси күштердің өзара іс
-
қимылын, саяси мәдениеттің даму деңгейін, саяси өмірдің барлық
салаларындағы қажетті жаңартулар енгізудегі саяси биліктің шешім қабылдау
деңгейін жатқызуға болады. Қазақстанның бұрынғы бірпартиялық жүйеге
бейімделуі себебінен біздің қоғамымыздың әртүрлі жіктерінің саяси мүддесінің
бәсеңдігінен, адамдардың барлық саяси жағдайларға
бейім еместігі сипатына
орай саяси пікірталас және көппартиялық жүйе құру жолында көптеген
қиындықтарды жеңуге тура келеді.
Саяси тәжірибе мен ғылымда оппозицияның әртүрлі сипаттағы түрлері
мен белгілері бар. Атап айтқанда, өкімет жүйесіндегі қатынас тұрғысында
-
локальды және турашыл; қимыл орны бойынша
–
парламенттік және
парламенттік емес;
қимыл сипаты бойынша
–
жүйелі және кездейсоқ оқиғаға
негізделген оппозиция. Парламенттегі оппозиция саяси міндеттердің үлкен
көлемін жүзеге асыруды көздейді, олар: үкіметке және ол жетекшілік ететін
органдарды бақылауды жүзеге асыру, үкімет саясатын немесе үкімет
бағдарламаларын сынау, бағдарламадағы баламалы саясатты талдау, қабілетті
саясатшыларды іріктеу, олардың парламентте “тұсауын кесу” және үкімет
алмасқан жағдайда оларды “көлеңкелі кабинетке” енгізу. Кез
-
келген
оппозицияның тиімділігі қоғамда алатын орнына, оның ішінде бірлестіктердің,
бостандығын заңды түрде
нығайтуға, парламенттік азшылықтың құқығын
қорғауға, парламенттік шешімдерді немесе парламент қабылдаған заңды
актілерге тосқауыл қоюға тұрғындардың белгілі бір топтарының қоғамдық
пікірін жұмылдыру арқылы парламенттік оппозиция жағына тартуға
байланысты. Осындай оппозициялық бастамалар мен талаптар заңдастырылған
жағдайында ешқандай әлеуметтік, оның ішінде ұлттық топтардың мүдделері
ескерусіз қалмайды. Нәтижесінде демократиялық
режим жағдайында
оппозиция аталған мақсаттар бойынша үкіметтік шешімдер қабылдауға қол
жеткізе алады. Шетелдік саясатшылар парламенттегі күштердің барлық
мүмкіндігін жұмсау арқылы атқарушы өкімет органдары мен олар қабылдаған
шешімдердің легитимдігін пайдалануы үшін “оппозициялық құрылым” жүйесін
қалыптастырады.
Ықпалы күшті оппозицияның болмауы және өкіметтің төмен легитимдігі
саяси жүйенің әлсіреуіне әкеліп соғады. Осы жағдайда азаматтардың саяси
белсенділігі жоғарылап, шыдамсыз іс
-
әрекеттер көбейеді, бұны лаңкестік және
экстремистік топтар өздерінше пайдаланып саяси процестерді шиеленістіруге
ұмтылады. Ал конструктивтік оппозиция басқарушы партияларға тиімді,
қажетті стратегиялық және тактикалық баламалар ұсынады. Сондықтан қазіргі
демократиялық саяси жүйе шеңберінде олардың бәсекелестігі қоғамдағы және
140
парламенттегі күштердің қауіпті шиеленісін болдырмайды.
Бұған
қарсыластардың мүдделерін білдіретін және мүмкін болатын саяси шегіністер
мен осы саяси ұтылыстар үшін өзара есе қайтару сипатын білдіретін
позицияларды талдау ықпал етеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда саяси күштердің өзара қатынасының
өркениетті сипатын қамтамасыз ететін саяси мәдениет, саяси процестердің
тұрақтылығы мен өзгерістерінің органикалық тұтастығы; қоғам мен мемлекет,
әлеуметтік
жіктер мен топтар, халықтар мен ұлттар, азаматтар мен мемлекет
арасындағы келісілген өзара қатынас маңызды роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: