143
ХІІ тарау
ӘЛЕМДІК САЯСАТ ТЕОРИЯСЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Халықаралық қатынастар: белгілері және негізгі бағыттары
Мемлекеттердің өзара қатынастары проблемасының теориялық негіздерін
талдау саяси философия мен тарихта ежелгі дәуір кезеңінің өзінен (Фукидид:
“Пелопеннес соғысының тарихы”, Цицерон: “Мемлекет туралы”) бастау алды.
Бұл кезеңде,
бірінші кезекте, мемлекеттердің мүдделеріне байланысты соғыс
және бейбітшілік мәселелеріне неғұрлым көп көңіл бөлінді. Міне, осы
мәселелер
кейінгі
кезеңдегі
классикалық
теориялық
саясат
тұжырымдамаларынан негізгі көзқарас бағыттарының қайнар көзі болды.
Халықаралық саяси қатынастарды зерттеудегі
классикалық
(дәстүрлі)
бағыттың өкілдері Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Э.де Ваттель, К.фон Клаузевиц
және басқалары осы бағыттың дамуында маңызды роль атқарды. Т.Гоббстың
“барлығы барлығына қарсы” соғыс туралы тезистеріне
сәйкес халықаралық
қатынастардың
барлық
мемлекеттердің
теңдігімен,
егемендігімен
шарттастырылған табиғи жағдайды сақтаумен, немесе бәсекелестікпен,
өзара
сенімсіздікпен, тұрақты қарама
-
қарсылықтармен сипатталатыны анықталды.
Нәтижесінде құқықтық, моральдық және олардың өзара қатынастары бойынша
олардағы күштеу қимылдарына шектеу болмады. Мұндай жағдайда
мемлекетаралық өзара қимылдар басты және “табиғи” реттеуші күш (бәрінен
бұрын соғыс) болуы мүмкін еді.
Мемлекетаралық қатынастардың еуропалық жүйесін (кешеуілдеген
ортағасырлық және Жаңа дәуір кезеңінде) қалыптастыру
және дамыту белгілі
бір трансформацияға танылған осы тезис
Достарыңызбен бөлісу: