Марксистік парадигма экономикалық детерминизм мен таптық
көзқарас халықаралық қарым
-
қатынастардың, үстемдік пен бағынушылықтың,
таптық күрес пен революциялардың теориялық алғы шарты ретінде түсіндірді.
Халықаралық қатынастар теориясының қазіргі кезеңі
–
ғылыми
зерттеулердегі жаңа әдістемелердің пайда болуымен, бұрынғы концепциялық
құрылымдарға тән кейбір ережелерді ревизиялау проблематикасының
күрделенуімен сипатталады. Мысалы,
“неомарксизмнің” өкілдері (П.Баран,
П.Суизи, С.Амин, И.Валлерстайн және басқалары) осы замандық әлем
тұтастығын халықаралық қатынастарда пайдалану мен бағыну элементтерін
сақтауды, оның өзара байланыстарының симметриялық еместігін мойындайды.
“Неореализм” (“
құрылымдық реализм”, “структурализм” (К.Уолц,
Р.Гилпин, Б.Базан, Д.Грейко) бір жағынан ұлы державалардың өзара іс
-
қимылының нәтижесінде біріккен халықаралық жүйе құрылымын талдау
барысында пайдаланылатын “саяси реализмнің” басты ұғымының маңызын
жоғары бағалайды. Ал, екінші жағынан, “неореализм” белгілі бір дәрежеде
“модернизммен” (халықаралық процестерді зерттеу әдістемесі) және
“трансұлтшылдықпен” (жекелеген мемлекеттерді жаһандану жүйесінің
элементтері ретінде тану) жақындасады.
Халықаралық қатынастарды ғылыми зерттеудегі жаңалық болып нақты
деректер негізінде модельдер құру, халықаралық саясаттың нақты мәселелерін
зерттеуден тұтас ішкі өзара байланыстағы әлемдік қауымдастық, халықаралық
тәртіп проблемаларын талдауға, халықаралық қатынастарды әлемдік даму
процестерінің құрамдас бөлігі ретінде түсінуге өту саналады. Бұны
“тәртіптелген өзгерістер”, “әлемдік дамуға бағытталған”, “орнықты даму”
концепцияларының пайда болуы айғақтайды.
Халықаралық қатынастар проблемасында жоғарыда аталған бағыттармен
қатар әлемдік, халықаралық және ішкі саясат болып жіктелуі саяси ғылымда
маңызды орын алады.
Ең алдымен,