147
факторын» пайдаланудың «мәдениетті техникасы», «мәжбүрлеу техникасы»,
«реттеу процедурасы» және «келісімге жету техникасы» деп те анықтау жиі
кездеседі. Кеңінен алғанда саяси дипломатия өз өкілдіктері бойынша сыртқы
саяси қатынастар жүргізуші мемлекеттік мекемелердің ресми қызметін, әрбір
мемлекеттің шет елдердегі өз мүддесін қорғау мен жүзеге асыру қызметін
атқарады.
Мемлекеттер арасындағы қатынастар халықаралық аренада екі және
көпжақты келісімдер тұрғысында тіркелген халықаралық құқықтар, нормалар
мен принциптер арқылы реттеледі. Олардың аса маңыздылары: БҰҰ Жарғысы,
БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы
достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық
принциптері туралы Декларациясы, ЕҚЫҰ
-
ның Қорытынды актісінде
сипатталған қатысушы мемлекеттердің өзара қатынасындағы басшылыққа
алатын принциптер Декларациясы.
Халықаралық қатынастарға қатысушылар
“актор”
терминімен аталады.
Бұл сөз қатысушылардың әрқайсысы халықаралық қатынастарға айтарлықтай
ықпал етіп, халықаралық саясатта белгілі роль атқаруын, қандай да бір іс
-
қимылды жүзеге асыруын сипаттайды. Айта кету керек, халықаралық
қатынастар акторлары сахна актёрларына өте ұқсас. Ал, актерлардан
өзгешелігі, тәртіп тәсілін жалпыға танылған нормалар шеңберінде ғана таңдай
алады.
“Актор” терминіне мағынасы жағынан
Достарыңызбен бөлісу: