Саясаттану



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

“халықаралық қатынастар 
субъектісі”
ұғымы сәйкес келеді. Халықаралық қатынастар субъектісі тұтастай 
алғанда халықаралық ахуалға ықпал етіп, өзге, әлсіз қатысушыларды, басқа да 
іс
-
қимылдарды жүзеге асыруға мәжбүрлеуді немесе өз саясатының шеңберінде 
дербес, белсенді сыртқы саясат жүргізеді. 
Халықаралық қатынастарға қатысушылар негізінен екі 
түрге
бөлінеді: 
дәстүрлі (негізгі, алғашқы бастаушы) және типтік емес. 
1. 
Дәстүрлі
қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен 
халықаралық қауымдастықтың басты субъектісі қатарындағы мемлекеттер 
жатады. Мемлекет (ұлттық мемлекет) адамзат қоғамдастығы саяси ұйымының 
әмбебап үлгісі ретінде халықаралық, сыртқы саясаттағы билік өкілеттіктерін 
орындайтын, ұлттық мүдделерді қорғайтын және жүзеге асыратын, 
халықаралық қатынастардың өзге қатысушылар арасындағы байланыстың кең 
ауқымын бақылайтын егеменді саяси бірлік болып саналады.
Барлық мемлекеттердің негізін ұлттар құрайды, сөйтсе де халықаралық 
қатынаста «олардың бірқатарының мәртебесі өзгелерге қарағанда жоғары» 
(Б.Рассет, Х.Стар) болса 

мемлекеттердің сөз жүзіндегі заңды теңдігі 
(халықаралық құқық бойынша) олардың халықаралық аренадағы ұлттық 
қуатының теңсіздігімен (экономикалық әлуетімен, саяси беделімен, жер 
көлемінің кеңдігімен және басқалары) қайшы келеді, сондықтан іс жүзінде
мемлекеттің өз егемендігін қорғаудағы тең емес мүмкіндіктері құқықтық 
теңдікке сәйкес келмейді. Бұл проблеманы шешудің нәтижелі тәсілі болып 
халықаралық стратификация
үлгісі саналады, ол төмендегідей түрге 
бөлінеді:


148
1) 
Жоғарғы державалар
(супердержавалар) 

халықаралық жүйеге және оның 
барлығы мүшелеріне сан және сапа жағынан ықпал етуге мүмкіндік беретін 
барлық ресурстарды (адами, экономикалық, дипломатиялық, жағырапиялық 
және әскери) иемденген мемлекеттер. Бұлар халықаралық саясатта жаһандық 
“күш орталықтары” мысалы, “қырғи
-
қабақ соғыс” дәуіріндегі АҚШ пен КСРО. 
2) 
Ұлы державалар
-
әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық 
қатынастарға 
үстемдік 
жасамайтын 
мемлекеттер. 
Олардың 
нақты 
мүмкіндіктері, өздерінің ролі белгілі бір аймақпен, мемлекетаралық 
қатынастардың жекелеген саласымен шектеледі. Жаһандану жүйесінің 
қалыптастыру мәселелерін шешу оларға байланысты емес. Бұндай мемлекеттер 
аймақтық “күш орталықтары”, “квазижоғарғы державалар” болуы мүмкін, 
қазіргі жағдайдағы 

Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония.
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет