144
Р.Челлен енгізді, ал классикалық геосаясаттың басқа көрнекті өкілдері болып
А.Т.Мэхэн, Г.Маккиндер, Н.Спайкмен, К.Хаусхофер саналады. Геосаясат
тұрғысынан алғанда шынайы ұлы держава (динамикалық, яғни қарқынды
дамушы мемлекет) өзінің көршілерімен еркін саясат әрекетін «өмір
кеңістіктігін ұлғайту» жолымен қамтамасыз етеді: өз аумағын, тіпті бірнеше
аймақты, кейде тұтас әлемді қадағалап отыру позициясын ұстанады.
Геосаясат жер бетін мемлекетке бөлудің өзгермеушілігін, ал, бір елдің
екінші бір елге қарсы тұруын, «идеологиялық күрес» және “қырғи
-
қабақ соғыс”
негізінде шешуді қарастырады.
Дәстүрлі идеалистік бағыттағылар (Ф.де Витториа (1480
-
1546), Г.Гроций
(1583-
1645), И.Кант (1724
-
1804) т.б) керісінше жалпы адамзат қоғамының
проблемаларын космополис идеясындағы моральдық және саяси бірлік,
адамның бас бостандығы мен мемлекеттік қатынастар негізінде шешуді
ұсынады.
Бұл теориялық зерттеулерде міндеттіліктер қарастырылып, халықаралық
қатынастарды құқықтық және моральдық реттеу жолымен шешудің адамдар
және мемлекеттер арасындағы мәңгі бейбіт өмір сүрудің қажеттілігі мен
мүмкіндіктері анықталды. Бұл жағдайда құқықтарды күштеп бекітуді және
мүдделерді жүзеге асырудың “биологиялық концепциясымен” алмастыруға тиіс
жалпыадамзаттық құндылықтарды еркін қолдануға баса назар аударылды.
Саяси ғылымда халықаралық қатынастар проблемасы бойынша бірнеше
теориялық парадигмалар (үлгілер) қалыптасқан. Олар: «саяси идеализм»,
«модернизм», «трансұлттық», «халықаралық қатынастар әлеуметтану» мектебі,
«полемология», «марксистік» «неомарксизм», «неореализм».
Осылардың әрқайсысына қысқаша мәлімет берейік.
Достарыңызбен бөлісу: