125
күшейтеді”. (Б.Рубл. (АҚШ) Совет одағындағы тыныш революция. Вестник
МГУ. Серия 12, 1, 1992, 68
-
бет).
Қазіргі уақыттағы саяси мақсат
-
барлық әлеуметтік қозғалыстарды тұтас
біріктіріп, қоғамдағы еркін әлеуметтік процестің негізгі идеяларын жүзеге
асыру болып отыр.
Қоғамдағы саяси процестің тұрақты әсері саяси қызмет пен саяси
шешімдер деңгейімен тікелей байланысты болады. Саяси қызмет пен саяси
шешімдер саясатты жүзеге
асырудың басты шарттары, осылар арқылы ғана
мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық
-
саяси ұйымдардың, жеке адамдардың,
әлеуметтік таптар мен топтардың, ұлттар мен халықтардың мүдделері мен
мақсаттары, алдарына қойған міндеттері жүзеге асады. Қорыта келгенде,
саясаттың жүзеге асуы және нәтижелі болуы саяси қызмет пен шешімдерге
тікелей байланысты.
Сондықтан саяси қызметтің және саяси шешімдердің мәнін,
мазмұнын,
сипатын, түрлерін, типтерін және жүзеге асу жолдарын жүйелі талдаудың
маңызы өте үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: