2. Саяси қызмет
–
саналы іс
-
әрекеттің нәтижесі
.
Жоғарыда көрсетілгендей, саяси процестің құрамдас бөлігі
–
қызмет. Ал
“
қызмет” дегеніміз
–
іс, әрекет, еңбек. Қызмет ол еңбектің өзіндік сипаты бар
ерекше түрі. Оның қарапайым еңбектен айырмашылығы қоршаған ортаға,
күнделікті өмірге белсенді араласуы, ал мазмұны жағынан алғанда жағдайды
белгілі мақсатқа сай өзгерту мен қайта құру.
Саяси саладағы қызметтің өз ерекшеліктері бар. Ол билік үшін күреспен,
мемлекеттік істермен, әлеуметтік таптар мен топтардың, халықтар мен
ұлттардың мүдделерімен байланысты. Аристотельдің анықтауы бойынша,
«саясат», «саяси қызмет» ұғымдарының дәл мағынасы
–
«мемлекет басқару
өнері». Осыған сәйкес саяси қызмет асқан шеберлікті, іскерлікті қажет етеді.
Белсенді іс
-
әрекет саяси қызметтің негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Саяси саладағы қызметтің тағы бір ерекшелігі
–
іс
-
әрекеттің саналы
болуы мен белгілі бір мақсатқа бағытталуында. Бұл сипат қызметтің барлық
түрлеріне тән, бірақ саяси қызметте саналы қимыл атқару ерекше орын алады.
Дәл мағынасында саяси қызмет
-
қоғам дамуының пәрменді қозғаушы күші
және оның өмір сүру шарты. Осыған орай саяси қызмет саяси оқиғаның
барысына прогресті ықпал етіп, жасампаздық роль атқаруы қажет.
Саяси қызметтің тағы бір сипаты
–
оның жүзеге асыру әдістері мен
амалдарының белгілі бір моральдық және этикалық түсініктермен
байланыстылығы. Бүлдірушілік, террористік, экстремистік әрекеттер саясатта,
экономикада, мәдениетте өте зиянды; ұлтаралық қатынастарда халықтарды бір
-
біріне қарсы қою, саяси бүлік, қорқыту, сатқындық, тұрақсыздық әрекеттер
саяси мақсаттың адамгершілік құнын төмендетеді, саяси қызметтің мәнін және
нәтижесін жоққа шығарады.
Саяси қызметтің түпкі мақсаты
-
билік үшін күрес. Саяси билікті жеңіп
алу немесе оны сақтап қалу үшін жүргізілетін күрес партиялардың немесе оған
126
қатысушылардың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатта күрестің
әртүрлі жолдары мен әдістері қолданылады. Олар өзінің жүргізілу және жүзеге
асу жағынан алуан түрлі. Бұларды жүйелеп, саяси қызметтің күрес жолдарын
бірнеше типтерге бөлуге болады. Соның ішіндегі негізгілері: революциялар,
төңкерістер, реформалар. Революциялар мен төңкерістер тарихта көп орын
алған, жалпы баршаға әйгілі саяси процесс. Ал реформалар
–
бұл адамдардың
белгілі бір топтарының немесе жеке адамдардың саналы және арнаулы
мақсаттағы саяси іс
-
әрекеті. Бұған соңғы жылдары Қазақстанда болған елеулі
өзгерістерді жатқызуға болады. Бірқалыптағы демократиялық өзгерістер
арқылы еліміз алдымен саяси егемендікке қол жеткізді. Ал реформалар жүргізу
нәтижесінде еліміз қарқынды әлеуметтік
-
экономикалық табыстарға жетті.
Саяси қызмет демократиялық реформаларды жүзеге асырып, билік
жүргізу арқылы әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың арасындағы
қоғамдық қатынастарды үйлестіреді. Бұл адам құқықтарын қорғау және
жариялылық, саяси бостандықтар беру жағдайында, әртүрлі бағыттағы саяси
күштер, ұйымдар мен қозғалыстар арасында келісімге келу арқылы жүзеге
асады.
Мысалы, Қазақстандағы саяси қызмет
–
еліміздің бірлігін нығайтуға
бағытталған өзекті мәселелерді шешуде келісімге келуге бағытталған.
Республиканы мекендеген халықтардың татулығын нығайту үшін барлық
халықтардың және саяси ұйымдар өкілдерінің күштерін біріктіру; барлық
қоғамдық
-
саяси күштердің еркін пікір алмасуына жағдай жасау, халықтар
арасындағы ынтымақтастық арқылы бейбіт әрі теңқұқықтық, достық байланыс
орнату. Бұның бәрі өз кезегінде әр адамның құқығын міндетті түрде
қамтамасыз ету, құрметтеу, республикамызды мекендеуші әртүрлі этникалық
топтардың мәдени дәстүрлерін дамыту және т.б. саяси қызмет арқылы жүзеге
асады.
Еліміздің бүгінгі таңдағы саяси қызметінің негізгі мақсаты
–
қоғамды
демократияландыру. Бұл қоғамның мәдени дәрежесімен, қоғамдық пікірдің
алуан түрлілігімен, кемшіліктерді жоюға бағытталған еркін пікір таласқа
әртүрлі көзқарастарға жол ашылуымен, қандай да болмасын маңызды
мәселелерді көтере білуі мен, қоғам дамуының күрделі де, қарама
-
қайшылықтарға толы проблемаларын шеше білумен байланысты. Мұның өзі
кез
-
келген саяси партияның, қоғамдық
-
саяси ұйымның, әлеуметтік топтардың
прогресшілдігімен айқындалып, дүниежүзілік өркениеттің даму жолын
көрсетеді.
Шынайы демократияға сүйенген саяси қызмет зор жауапкершілікті талап
етеді. Сондықтан қандай да болмасын саяси топтардың қызметі туралы сөз
болғанда олардың нақты іс
-
әрекетіне қарап баға беруге болады.
Демократияландыру барысында көпсөзділікке, қақтығысқа, алып
-
ұшпа
әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамнан, әлеуметтік ортадан тыс
бостандық жоқ. Қоғамға әр уақытта үлкен қауіп болатын
–
шексіз бостандық.
Сонымен, кез
-
келген саяси қызмет нақтылы нәтижеге жетуге бағытталып,
әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарда, билік саласында, басшылар мен
127
орындаушылар арасында, жекелеген адамдар мен топтар арасындағы
қатынастарды реттеушілік жұмыстарын жүргізіп отырады.
Біздің еліміздегі кең көлемде жүргізіліп жатқан өндірістік реформалар
мен нарықтық экономикаға көшу барысында жаңа әлеуметтік топтар
қалыптасты. Кәсіпкерлер, фермерлер, іскер адамдар бүгінгі жаңа қоғамның
көріністері.
Қазақстанда қазіргі кезеңде саяси қызмет өзінің мазмұны мен сипатына
байланысты негізгі екі бағытқа бөлінеді: теориялық саяси қызмет және
практикалық саяси қызмет.
Теориялық саяси қызметке танымдық, талдамдық, болжамдық және
бағалама
–
бағдарлық қызметтер жатады. Бұл қызмет түрлері қазіргі жағдайда
саяси ғылымының маңызы мен ролінің басты көрсеткішіне айналып отыр.
Себебі мемлекеттік істерді дұрыс шешу үшін ел басшысы
–
президенттің
жақын кеңесшілері мен ақыл беруші мамандар саясатшы ғалымдар болуы
қажет.
Практикалық саяси қызмет іс жүзіндегі жұмыстарды реттеуге
бағытталады. Бұл ғылым тілінде регулятивтік қызмет деп аталады, оларға
басқару, құқықтық, ұйымдастырушылық, үгіттеушілік, насихаттаушылық және
тәрбиелік жұмыстар жатады. Қандай да болмасын саяси күштердің іс
-
әрекеті
осы қызметтермен айқындалады.
Әрине, саяси қызметтің осы екі бағыты бір
-
бірімен тығыз байланысты.
Саяси теория бұқараның практикалық тәжірибесімен ұштасқанда ғана қоғамға
ықпалды әрі тиімді болады. Саяси қызметтің осы екі негізгі түрі қоғамның
саяси өмірін толық қамтып, оның көптеген салаларына араласады.
Мысалы, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, әскери, ішкі және
сыртқы, халықаралық, дүниежүзілік және жергілікті
-
аймақтық саясаттарға
тікелей қатысы бар.
Саясат жүргізушілердің қызметімен мемлекеттің, партиялардың саяси
бағытына, әртүрлі қоғамдық
-
саяси ұйымдар мен қозғалыстардың, жеке
адамдардың, саяси басшылардың ұстанатын саясаттарына да байланысты.
Саяси қызмет уақыт мерзімі бойынша ағымдағы саясат және ұзақ
мерзімге белгіленген саяси бағыттарға бөлінеді. Осыдан біз саяси қызметтің
мазмұны өте кең екендігін білеміз. Әр саладағы саяси қызметтің өзіндік
ерекшеліктері бар және олар саясатты жүзеге асырушылардың іс
-
қимылымен
байланысты.
Саяси қызмет атқарудың әртүрлі әдістері болады. Солардың ішіндегі ең
тиімдісі
–
пікір алысу, бұл шындыққа апаратын бірден бір жол. Ол ортақ
пікірге, тұжырымдарға келуге көмегін тигізеді. Саяси практикада ақиқат
көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі саяси күштердің
арасындағы жан
-
жақты пікір алысу қоғам өміріндегі алуан түрлі түсініктердің
орын алуымен байланысты. Қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір
алысу және оны талқылау мәдениеті жоғары болуы қажет. Пікір таласы
әншейін бос сөзге, немесе қыңыр іс
-
әрекетке айналмауы қажет. Пікір талас
мәселенің мәнін жете білуге, әр адамның берік сенімінің қалыптасуына, ойдың
дәлелді болуына, өз пікірін қорғай білуге көмектеседі. Бұндай жағдайда
128
басқаның пікірін сыйлай білудің маңызы зор. Осыған орай, саяси қызметтегі
жалаң уәдеге жол берілмеуі керек. Бұлар саясаттағы субъективизмнің айқын
көрінісі болып табылады.
Демократиялық емес қоғамда басшылардың саяси қызметі шешуші роль
атқарып, оларға әлеуметтік жағдайларды өзгерту де және реттеуде шексіз билік
беріледі. Бұған нақтылы мысал: Сталиннің жеке басына табыну, Хрущевтің
елдің ішкі және сыртқы жағдайымен санаспай, жиырма жыл ішінде коммунизм
орнатамыз деп даурығуы, Брежневтің кезінде кемелденген социализм орнады
деген ұшқары тұжырымы. Сондықтан саяси қызметте осындай ретсіз
көріністерге жол берілмеуі үшін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер
қызметінде демократияға кең жол ашылуы қажет. Мемлекет дәрежесіндегі
дұрыс саяси қызмет: заң шығаратын, атқарушы және сот органдары билігінің
айқын және жүйелі бөлінуін, дербестігін қамтамасыз ету.
Саяси қызмет арнайы мамандық дайындықты талап етеді, өйтпесе саяси
қызметпен айналысушы жеке адамдар мен топтардың мүшелері күрделі
әлеуметтік және саяси мәселелерді ретсіз, заңсыз шешулері мүмкін.
Саяси қызметтегі адамдардың саяси мәдениет деңгейі, жалпы білімі,
саясат жүргізушілердің бір
-
біріне ықпалы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік
қатынастармен үндес болуы тиіс. Басқаша айтқанда, саясат жүргізушілердің
қызметі басқа әлеуметтік күштердің мүдделерімен ұштасқан жағдайда, яғни,
олардың мүдделері өмір талаптарымен, қоғам қажеттілігіне сәйкес келгенде
ғана пайдалы болады. Нәтижесінде саяси күштердің арасында тұрақтылық
қалыптасады, қоғамға пайдалы қызмет етуге мүмкіндік жасалады.
Саяси қызметтің мемлекеттік саясатпен, саясат жүргізушілердің
көзқарастарымен байланысының маңызы зор. Көзқарастар арасындағы күрес,
саяси белсенділік, саяси әрекеттерді қолдау немесе жоққа шығару саяси
қызметке өз әсерін тигізеді. Саяси көзқарастар жеке адамның, әлеуметтік
топтардың, партиялардың тұжырымдары мен түсініктері тұрғысынан көрінеді.
Саяси көзқарастар тек ғана тұжырымдалған, жүйеге келген түрде ғана емес,
үйреншікті, үстірт ойға негізделуі де немесе саяси жағдайды мұқият талдаған,
ғылыми пайымдалған, логикаға негізделген болуы да ықтимал. Сондықтан
азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйым басшыларының саясаттағы
ғылыми көзқарасының қалыптасуы өте маңызды. Бұл саяси қызметтің нәтижелі
болуының басты шарты. Сондықтан саяси күштердің ықпалының артуы осыған
байланысты болады.
Сонымен, саяси қызметтің мәні, мазмұны, типтері мен әдістері және
негізгі түрлеріне байланысты мынадай анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |