Саясаттану


Қазақстан Халқы Ассамблеясы



Pdf көрінісі
бет55/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Қазақстан Халқы Ассамблеясы
. Бұл қоғамдық
-
саяси ұйым 1995жылы 
1наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне 
танымал болған бірлестік. 
Қазақстан Халқы Ассамблеясы елімізді мекендейтін 100 астам ұлт пен 
ұлыс өкілдерінің мүддесін қорғайтын ұлттық мәдени орталықтарының 
жиынтығы. Бүгінгі күні Қазақстанда Ассамблея құрамында 24 республикалық, 
аймақтық, 470 облыстық, қалалық және аудандық ұлттық
-
мәдени орталықтары 
ел бірлігін сақтау, халықтар достығын нығайту жолында белсенді қызмет 
етуде. Еліміздің бұл үлкен құрылтайы мемлекеттегі саяси тұрақтылықтың, 
халықтар арасындағы ынтымақ
-
бірліктің, ұлтаралық татулықтың мызғымас 
діңгегі болып отыр. 
Бүкіл әлемдік халықаралық ұйымдар Қазақстандағы ұлтаралық 
қатынастарды нығайтудағы біздің Ассамблея тәжірибесін зерделей келіп, өз 
елдерінде осындай бірлестіктер құруға ұмтылуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан 2002 
жылы Астанаға келген сапарында: “Қазақстан халықтары Ассамблеясы ел 
ішіндегі жанжалдың алдын алатын көшбасшысы” 

деп атап өтті. 
Сонымен, «Қазақстанның әлеуметтік
-
экономикалық саласының жедел 
дамуының сыры неде?» 
-
дегенде, ең алдымен тұрақтылық пен татулықты 
алдымен ауызға алатынымыз сөзсіз. Ал олардың сақталып, орнығуына 


84
Ассамблеяның қосқан үлесі мол. Қазақстан Халқы Ассамблеясы 2007 жылдан 
бастап Мәжілістен 9 депутаттық орын алуға құқылы болды.
Қоғамдық қозғалыстар
да қоғамдық саяси ұйымдар сияқты 
азаматтардың өз мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. 
Қоғамдық қозғалыс деп 

белгілі бір әлеуметтік жағдайды өзгертуге немесе 
үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға бағытталған қоғамдық күштерді 
айтады. Қоғамдық қозғалыстың пайда болуының негізгі себебі 
-
жеке адам өз 
ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмауында. Сондықтан 
олар өз мүдделестерімен топтасады. 
Қоғамдық қозғалыстардың көбінің тұрақты ұйымы, жұмысының бірыңғай 
бағдарламасы, басқарудағы айқын принциптері болады. Әдетте, олар: әділеттік, 
бостандық, қарусыздандыру, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық өрлеу, қоршаған 
ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты 
мақсаттарды ұстанады. Бұл мәселелер көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын 
қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық топтарды да 
біріктіруі мүмкін. Көп қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады. 
Тарихта қоғамдық қозғалыстардың ішіндегі кең тарағаны 
-
“Халық 
майдандары”. Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, барлық халықтың немесе 
көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер 
жатады. Мысалы, ұлт
-
азаттық күрес кезеңінде(ХХ ғасырдың 60
-
шы 
жылдарындағы Африка, Азия елдері), қоғамда саяси режимнің құбылмалы 
жағдайға ұшырауы тұсында саяси билікті қолға алу үшін (КСРО
-
дағы қайта 
құру кезеңінде) құрылды. 
Әсіресе көп жағдайда халық майдандары қозғалысы екінші дүниежүзілік 
соғыста фашизмге қарсы күресте интернационалдық негізде Франция, Испания 
және т.б. елдерде қалыптасты.
ХХ ғасырдың 80
-90–
шы жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық 
процестер әр түрлі қоғамдық қозғалыстардың пайда болуына жол ашты. Біздің 
еліміздегі алғашқы және неғұрлым бұқаралық қозғалыстардың бірі 
-
“Невада
-
Семей” экологиялық қозғалысы болды. 1989 жылдың көктемінде ақын 
О.Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты 
-
Қазақстан территориясында орналасқан Семей және басқа полигондарды жабу 
болатын. “Невада
-
Семей” мемлекеттік құпиялықтың пердесін ашуды, 
тұрғындардың шеккен азаптарының орнын толтыруды талап етті. Осы 
мақсатпен қозғалыс белсенділері пикеттер, демонстрациялар, халықаралық 
және республикалық ғылыми конференциялар ұйымдастырды. Нәтижесінде бұл 
қозғалыстың халқымызға әкелген пайдасы баршаға әйгілі. 
Келесі қоғамдық қозғалыс Арал теңізі аумағымен байланысты құрылды. 
Мұхтар Шахановтың ұсынысымен Арал төңірегіндегі халықтарға көмек беру 
үшін Арал мен Балқаш проблемалары бойынша Комитет құрылды. 
Дүниежүзілік жұртшылықтың және КСРО үкіметінің назарын Арал теңізінің 
экологиялық апатына аудару үшін бұл Комитет көп жұмыстар істеді. Осыған 
ұқсас еліміздің көптеген қалаларында: Өскеменде, Алматыда алғашқы 
аймақтық экологиялық тазалық үшін күресетін қозғалыстар құрылды. 


85
ХХ ғасырдың 90
-
шы жылдарының басында Қазақстанда пайда болған 
тағы бір қозғалыс 

казактардың (казачество) бой көрсетуімен байланысты еді. 
Казактар баршаға әйгілі Алтын Орданың ыдырауынан кейін Ресейде пайда 
болған әскери
-
саяси әлеуметтік топ. Көптеген жылдар бойы казактар Ресей 
патшалығына қызмет етіп, отарлық, басқыншылық саясаттың жазалаушы күші 
ретінде пайдаланылды. 
1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың 
айырылып қалған дәстүрлері мен салт
-
саналарының қалпына келтірілуіне 
ешкім қарсы болған жоқ. Дегенмен де, Орал казактары басшыларының 
1991жылғы қыркүйектің 15
-
де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400 
жылдығын» Қазақ елінде мерекелеуге шешім қабылдауы мүлдем түсініксіз 
болды. Облыс басшыларының мұндай айқын, сыңаржақты мерекелеуге кедергі 
жасап, ақылға шақыруы ешқандай оң нәтиже бермеді. “Азат”, “Желтоқсан”, 
“Парасат” қозғалыстарының басшылары бұл іс
-
әрекетті қазақ халқының 
намысын аяққа таптау деп бағалады. «Мерекеге» бірнеше күн қалғанда осы 
қоғамдардың мүшелері Орал қаласына жиналды. Олар қаланың орталық 
алаңында қарсы ұран көтеріп, пикет және митингілер ұйымдастырды. Осы 
уақытта қазақ жастарына қарсы тұруға Краснодардан, Доннан, Шіләбіден, 
Самарадан казак әскерлерінің өкілдері келіп жетті. Тартыс қыза түсіп, екі жақ 
бір
-
бірімен жаппай қақтығысуға өте жақын тұрды. Тек құқық қорғау органдары 
мен “Азат” қозғалысы басшыларының ізгілікті қызметі арқасында ғана 
қақтығысқа жол берілмеді. 
Оралдағы осы оқиға кез
-
келген қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың 
абайсыз іс
-
әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне тағы да бір 
көз жеткізді. 
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың билікке, өкіметке қаймықпай 
қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы жиі кездеседі. Ал 
бейресми бірлестіктер оппозициялық күштердің, жастардың, студенттердің 
арасында көбірек тараған. Олардың алдына қойған мақсаты, іс
-
әрекеті, оған 
қатысушылардың жасы мен жынысы, қызмет тұрақтылығы саналуан. 
Сайып келгенде, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқайсысының 
өз ерекшеліктері болуына қарамастан азаматтардың мүдделерін іске асыру 
құралы болып табылады, әрбір әлеуметтік топтардың тұрмысын жақсарту, 
жоғын жоқтау жолында олардың өкілі, қорғаны міндетін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет