Топырақтың құрылымы
. Бұл топырақтың маңызды
генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құры-
лымы деп, оның массасының әртүрлі үлкенді-кішілі, түйіртпекті
агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі
кесекті, кесек дәнді, үлкен-кішілі, жаңғақты, призмалы, т.б.
түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық
элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір
құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды
бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда
болуы – күрделі биохимиялық және физика-химиялық үдеріс.
Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Олар-
дың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап бірнеше
есе үлкен макроагрегаттар бар. Агрегатарының қөлемі 1 мм-ден
10 мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай
топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни
бөлшектерінің сіңіру құрамында кальций катионы жеткілікті
болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа
катиондар кездеседі.
Топырақтың нығыздылығы – оның борпылдақ, қуысты
немесе нығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыз-
дығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы
қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа, ылғал және
жылудың ара қатынасына ықпал етеді. Топырақтың нығызды-
лығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, орга-
никалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланыс-
ты. Топырақтарды нығыздылықтың деңгейіне қарай мынадай
түрлерге бөледі:
1.
Өте тығыз, біртұтас
топырақ. Мұндай топырақ сортаң
және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді,
механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық
тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.
2.
Тығыз
топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен ор-
наласқан. Сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты
жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар
қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығын-
да пайдалануға болады.
3.
Тығыздау
топырақ жердің иллювиальді қабатында кез-
деседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға
болады.
4.
Борпылдақ
топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені
мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құры-
лымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады.
Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени өсімдіктер
жақсы өседі.
5.
Бос жылжымалы
топырақ
құмдақ
және
құмды
жер-
лерде болады. Ауылшаруашылығына пайдалану үшін арнайы
агротехникалық шаралар қолдануды қажет етеді.
Топыраққа морфологиялық сипаттама бергенде алдымен
оның
механикалық құрамын
анықтайды. Ол үшін топырақты
үгітіп суға илеп, иіріп, сақина сияқты дөңгелек жасайды. Иірілу
деңгейі топырақтың ішіндегі бөлшектердің құрамына байла-
нысты.
Жаңатүзілулер мен кірмелер.
Жаңатүзілулер дегеніміз
топырақ қабаттарында түзіліп жиналатын заттардың әртүрлі
формалары мен химиялық құрамы. Физикалық, химиялық және
биологиялық үдерістердің нәтижесінде топырақта өтетін, со-
нымен қатар топырақ құрамындағы өсімдіктер мен жануарлар
әсерінен болатын жаңатүзілулердің шығу тегін химиялық және
биологиялық деп бөледі.
Топырақтағы
х
имиялық жаңатүзілулер –
әртүрлі қосын-
дылардың пайда болумен себептері және химиялық үдерістердің
нәтижесі. Бұл қосындылар түзілген
орнында қалуы
немесе
топырақ ерітіндісімен көлденең не тік бағытта араласуы
мүмкін, кейде пайда болған орнынан әлдеқайда
қашық
орна-
ласуы ықтимал.
Химиялық қосылыстар
қалпы (формасы) бойынша түссіз-
дену, дақты, қабыршақты, жаланған және ағынды; жіпше және
құбырша, конкрециялар (қоюлану, шөгінді тау жыныстарында
кездесетін су ерітіндісіндегі минералды заттар, фосфорит, мар-
казит, кремень, т.б) болып бөлінеді.
1. Тез ерігіш тұздар NaCl, Na
2
SO
4
10H
2
OMgCl
2
,CaCl
2
. Бұл
тұздардың түстері ақ, көбінесе тұзданған топырақтарда кез-
деседі.
2. Гипс CaSO
4
2H
2
O: Бұл да ақ сарғыш түсті. Топырақтың
бос кеуекті жерлерінде шоғырланады. Құба, сұр-құба топырақ-
тарға тән.
3. CaCО
3
– көміртегі карбонаты, түсі ақ. Бұл тұз да топы-
рақ пішінінде ерекше көрініп тұрады, HCI, яғни тұз қышқы-
лымен әсер ететін болса қайнаған реакция береді.
4. Fe
2
O
3
nH
2
O, Mn
2
O
4
, Al
2
(PO
4
)
3
,FePO
4
,MnO, т.б. Қара,
қызғылт, тот басқан сияқты түстерге боялған қосылыстар.
5. FeCO
3
, Fe
3
(PO4)
2
8H
2
O – көк, жасыл түсті қосылыстар.
Батпақты топырақтарда кездеседі.
6. SiO
2
– ақ түсті, күл сияқты болып күлгінді, орманды-
сұр, сортаң топырақтарда кездеседі.
7. Гумус заттары – жолақ-жолақ қара түсті өтпелі қабатқа
дейін жетеді.
Биологиялық қосындылар (жануарлар мен өсімдіктер)
келесі түрдегідей кездеседі:
-ирелеңдеген арық тәріздес құбыршалар – жауынқұрт
жолдары; капролиттер – жаңбыр құрттарының іштерінен шыға-
тын домалақ, жіп тәріздес тастандылар; суыр, көр тышқан-
дардың жүрген жолдары; өсімдіктердің шіріген үлкен тамыр-
лары; дендриттер – механикалық құрам бөлшекшелерінің беткі
жағындағы кішкене ғана тамыршалардың өрнектері; құрттардың
топырақтағы іздері.
Топырақтағы жаңадан түзілген белгілерге қарап оның
генезисі (шығу тегі) мен агрономиялық қасиеті туралы тұжырым
жасауға болады. Мысалы, топырақтың беткі қабатында түтін
түсті және тот басқан сары-қоңыр түсті болуы, топырақтың
кейбір батпақтанған жағдай кезінде түзілгеніне дәлел болады.
Егер де жаңатүзілу бұрынғы өткен үдеріс нәтижесінде емес,
қазіргі экологиялық қолайсыз жағдайда қалыптасқан болса, онда
бұл топырақтың агрономиялық құндылығы ауылшаруашылық
дақылдарын өсіруге қолайсыз болып саналады.
Тағы бір морфологиялық сипаттамаға қатысы бар жағдай
ол топырақтың HCI тамыздығы болатын реакция топырақта
карбонаттардың бар немесе жоқ екенін көрсетеді.
CaCO
3
+ 2HCI = CaCl
2
+ H
2
O + CO
2
CO
2
қайнап шығады, соның деңгейіне қарап, карбонаттар-
да бар-жоғын, мөлшерін айтуға болады.
Топырақтың кірмелері
дегеніміз шығу тегі топырақ түзілу
үдерісімен байланысты емес, органикалық немесе минералдық
текті денелер кездесуі мүмкін. Оған жататындар, мысалы, үлкен
қиыршық тастар, қабыршақтар мен жануарладың сүйектері,
кірпіш сынықтары, әйнек, көмір, жаңқа-ағаш, археологиялық
табындылар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |