мағынада алғанда, бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның,
бала-ға,
бала-мен,
т.б.).
Кең
мағынада
алғанда,
бұл
тіл
деңгейлерінде
(морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) «тік» қалыпта орныққан тілдік жүйе
жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының «көлденең» байланыста қалыптасқан жүйесі.
«Көлденең» қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі
сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады
(Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен /
барады).
«Көлденең»
қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде
жоқ болатын құбылысты да қабылдайды
Тілдік стиль
– айтайын деген ойды неғұрлым әсерлі жеткізу мақсатында жалпыхалықтық тілдің
сөз байлығын талғап қолдану тәсілінің бір түрі. Тілдік стиль стилистикадағы негізгі категория
болып табылады. Стиль түрлері өзара үнемі қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне ауысып, тілдің
ішкі мүмкіндігі арқылы үздіксіз жетіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: