«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


көсем, елді өзіне ұйытып әкету, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шаршы топ



Pdf көрінісі
бет170/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

көсем, елді өзіне ұйытып әкету, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шаршы топ, 
тілі мірдің оғындай, қызыл тілді шешен, тілінен бал тамған. 
2-тапсырма.
«Әлемдік аренадағы айтулы шешендердің бірі – Фидель Кастро. Испанша түсінбейтін 
бір ағылшын журналисі Фидельдің сөзін тыңдағаннан кейін «не айтқанын түсінбесем 
де, мен оның артынан еруге дайын болдым
»
деп жазған екен» берілген ойдың мағынасы 
қандай?
Осы мысалдан Фидель Кастроның қандай ерекше қасиеттерін байқауға болады?
Оқылым
тапсырмасы
 
1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, айтылған пікірлерге баға бер.
Ленин – адамзат тарихындағы ең шешен тұлғалардың бірі. Көпшіліктің алдына шыққан 
кезде ол айтқан сөздерінің мән-мағынасын іс-қимылымен де айқын аңғартып тұрған. 
Жұртшылық Лениннің жиынына коммунизмді жақсы көргені үшін емес, Лениннің 
сөздерін жақсы көргені үшін келген көрінеді. 
Ағылшынның темір ханшайымы – Маргарет Тэтчердың даусы құлаққа жағымсыз 
естілетін болған. Жұрттың алдына шыққан кезде ол назарын қайда аударарын білмей, 


қатты қысылатын әдеті болыпты. «Темір ханшайым» шешендік өнерден арнайы сабақ 
алмаса болмайтынын түсінеді. Бірінші кезекте ол тәжірибелі театр қызметкерлерінен 
көмек сұраған, уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Актерлік шеберлік пен 
шешендік өнердің арасында жақындықтың барын осыдан-ақ байқауға болады. Маргарет 
Тэтчер ханымға «Темір ханшайым» деген ат оның саяси көзқарасындағы табандылыққа 
емес, дауысының жағымсыздығына қатысты берілген. 
Уинстон Черчилль «бір сағат бойы тапжылмастан сөйлеу бәрінің қолынан келеді, ал бес 
минут шешен сөйлеу үшін адам алдын ала бір ай бойы дайындалуы керек» деген. Ол 
сөзден тосылып қалуды өліммен теңестіріп, 20 минуттан артық сөйлеудің қажеттілігі 
жоқ деп есептеген. 
Ел басқарған саясаткерлердің ішінен дәл Гитлердей шешен адамды таба қою қиын. 
Гитлердің сөйлеген сөздерін талдаған сарапшылар оның барлық жағынан жұртшылыққа 
әсер ете алғанын мойындапты. Барлық жағы дегеніміз: оның сөзі, қимыл-әрекеті (жест), 
сөйлемдердің арасындағы үзілісі, эмоциясы. Гитлер соғыста өзінің қарсыластарынан 
жеңілген шығар, бірақ сөзсайысында ол алдына ешкімді салып көрген жоқ. 
Ал қазіргі билеушілердің ішінде шешендігімен көзге түскен кім бар? Ресейдің психологі, 
уақтысында шешендік өнерге премьер-министрлерді де баулыған Дмитрий Устинов: – 
Осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман ретінде айтарым, Путиннің шешендік 
қарым-қабілеті қалыптасқан адам деп бағалауға болады. Егер әлемде президент – 
шешендердің рейтингісі жасалса, онда Путин алғашқы үштікке сөзсіз енеді. Сондай-ақ, 
алғашқы орындарды Обама мен Саркози (Францияның бұрынғы президенті) иеленген 
болар еді,– депті. 
Шешендігімен, ақындығымен аты шыққан кешегі көшпелі халықтың ұрпағы, бүгінгі 
қазақ саясаткерлерінің ішінде сөздің түбін түсіріп, елді өзіне ұйытып әкететін кім бар? 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөз саптасы да жаман емес. Президенттің 
ақынжандылығы, қазақы қалжыңға келгенде тапқырлығы аңғарылып тұрады, ойын 
қазақша да, орысша да айқын жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет