Қан кеткенде білерсің.
Ақ
білектің қадірін
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы әйелдің қадірін
Өлгенінде білерсің.
Жақсы
туыс қадірін
Көмгенінде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тілдің қадірін
Тоқтағанда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал!
2-мәтін
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын
алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге
тақап отырған әкесі ынтымақ, ел
бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші
қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі
жауап айтпас бұрын бір бума
солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,
біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда, Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да
ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да
оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа
шақыра біл. "Бақ
қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, -
депті.
Достарыңызбен бөлісу: