«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет172/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
Тірек сөздер 
Абыз, көрісу, ғибрат алу, және т.б.
 
Қажетті ресурcтар 
https://qazaquni.kz/2015/08/18/39458.html
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымалды тапсырма
1-тапсырма. Өзіңіз білетін шешендік толғаулар, әңгімелерді еске түсіріп өзара 
ауызша бөліс. 
2-тапсырма. Төмендегі шешендік сөз үлгілерінің мазмұны мен құрылымына мән 
бер. 
1-мәтін.
Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай 
деген екен: 
— Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз 
айтыңызшы,- депті. Сонда Абыз былай дейді: 
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің. 
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің. 
Балалықтың қадірін 
Саналы болғанда білерсің. 
Асыл менен жасықты 
Бағалы болғанда білерсің. 
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің. 
Ден саулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің. 
Ақ бетіңнің қадірін


Қан кеткенде білерсің. 
Ақ білектің қадірін 
Әл кеткенде білерсің. 
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің. 
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің. 
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің. 
Жақсы әйелдің қадірін
Өлгенінде білерсің. 
Жақсы туыс қадірін 
Көмгенінде білерсің. 
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің. 
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің. 
Қызыл тілдің қадірін
Тоқтағанда білерсің. 
Білгеніңді сөйлеп қал, 
Білгендерден ғибрат ал! 
2-мәтін 
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын 
алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел 
бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші 
қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума 
солқылдақ шыбық алдырады: 
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, 
біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: 
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. 
Сонда, Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да 
ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да 
оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа 
шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - 
депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет