«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Құрмет, білім, жауапкершілік  Пәнаралық байланыс



Pdf көрінісі
бет73/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
Құрмет, білім, жауапкершілік 
Пәнаралық байланыс 
экономика 
Тірек сөздер 
Интеграция, экономикалық одақ 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымалды тапсырма
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, белгілерді қойыңыз. 
Бұл мәлімет маған таныс ( Ү). 
Мен үшін жаңа нәрсе (+) 
Мен бұл ақпарат туралы басқаша ойлаған болатынмын (-) 
Маған түсініксіз. Қосымша көмек керек (?) 
 
Сұхбат 
 
Сұхбат – кең қолданыс тапқан жанрлардың бірі. Сұхбат, яғни 
интервью ағылшын тілінен аударғанда “кездесу, әңгімелесу” деген 
мағынаны білдіреді. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар:
1. Журналистің қоятын сұрағы; 2. Сұхбат берушінің қайтаратын 
жауабы. Сұхбат – журналист пен сұхбат беруші адамның екеуара 
біріккен шығармашылық жұмысы. Диалог, әңгімелесу түрінде келеді. 
Сұхбат 
мәтінінде қоғамдық-саяси лексика қолданылады, терминдер, 
троп түрлері т.б кездеседі. Сұрақты талапқа сай құрастыра да білу 
керек
.
Журналистің алдына қойған мақсаты мен оған қол жеткізу тәсілдеріне 
қарай сұхбат бірнеше топқа бөлінеді. Олар төмендегідей: 
Ақпараттық сұхбат. Сұхбаттың бұл түрі фактіні және пікірді қамтиды. Сұхбат берушінің 
ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі 
толғаныс, яғни эмоционалды фон болуы тиіс. Сондықтан көбінесе жаңалықтар желісінде 
ақпараттық сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде 
қайтарылған жауап маңызды рөл атқарады. 
Портреттік сұхбат. Жеке тұлғаның образын ашуға арналады. Сол себепті портреттік 
сұхбат әлеуметтік психологиялық сипатымен ерекшеленеді. Өйткені портреттік сұхбат 
адам бойындағы құнды қасиеттерді анықтауға негізделеді. 
Сауалнамалық сұхбат. Белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алуы арқылы 
жасалады. Сауалнамалық сұхбат қоғамдық пікірді анықтаудың өзіндік бір тәсілі болып 
табылады.


Хаттамалық сұхбат. Ресми тұлғадан не болмаса құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап 
алу. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты 
қызметкердің, яғни (президент, министр) көмекшісіне, баспасөз хатшысына ұсынылады. 
Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде ресми тұлға алдын ала 
ұсынылатын сұрақтарға жауап қайтарады. Журналист келісілген сұрақтарын қоюмен 
шектеледі.
Проблемалық сұхбат. Басты түйіні – журналистік позиция. Көпшілік талқысына 
ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе қаралады. Халықтың көкейінде жүрген 
сауалдарға жауап алынады. Сұхбаттың бұл түрі тікелей эфирде ұйымдастырылуы шарт 
және студиядаға шақырылатын қонақ журналистің ғана емес, телефон желісіндегі 
көрермен сұрақтарына да жауап беруі тиіс. Сұхбат беруші мен тыңдарман арасында 
белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты 
толық меңгергендігін, сол тақырыптағы фактілерді жан-жақты білетінін көрсетуі тиіс. 
Проблемалық сұхбатты жүргізген журналистің қателесуге, қандай да бір фактілерден 
бейхабар болуға қақысы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет