«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Н.Омашев el.kz/kz/news/archive/content-25121



Pdf көрінісі
бет74/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
Н.Омашев
el.kz/kz/news/archive/content-25121
 
 
2-тапсырма. Сұхбатты оқып, сұрақтарға жауап бер. 

Журналист сұхбат алуға неге осы адамды шақырды?

Сіз журналистің орнында болсаңыз тағы қандай сұрақтар қояр едіңіз? 

Сіз бұл сұхбатқа қалай дайындалар едіңіз?

Сұхбаттың түрін анықтаңыз. 
Сұхбат үлгісі
 
Экономикалық интеграцияның тиімділігі неде? Қандай мүмкіндіктерге жол 
ашылады? Қандай қауіптер бар? Осы жөнінде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне 
республиканың сыртқы істер министрі 
Ерлан ЫДЫРЫСОВ
айтып берді. 
- Ерлан Әбілфайызұлы, 
Экономикалық интеграцияның тиімділігі неде? 
- Еуразиялық экономикалық интеграцияның біздің еліміздің экономикалық дамуына 
қосып отырған үлесі мол. Мәселен, Қазақстан дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы жоқ әрі 
әлемде мұхиттан алыс жатқан ірі ел болып табылады. Тасымалдау шығындарының 
көптігі ғаламдық нарыққа қолжетімділігін және біздің экономикамыздың түрлендірілуін 
тежеп отыр. 
Сол себепті ЕАЭО бойынша әріптес елдердің инфрақұрылымдарына қолжетімділік 
туралы келісімдер біздің экспортаушыларымыздың көлік және басқа да шығындарын 
азайтуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше экспортқа, оның ішінде Еуропа елдеріне 
жіберілетін қазақстандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі артпақ. 
Қазірдің өзінде кеден одағына қатысушы елдердің арасында кедендік шекаралардың 
жоқтығы бидай, ұн, басқа да дайын және шикізаттық тауарларды әлемдік 
нарыққа экспорттауға, жол шығындарын және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік 
беріп отыр. 
- ЕАЭО-тың болашақ саяси тұтастығы туралы әр түрлі сарапшылар айтып жүрген 
қауіптерге орай не деп жауап берер едіңіз?
- Қанша адам болса, сонша пікір болады. Еуразиялық экономикалық одақтың таза 
экономикалық бірлестік екендігін айқын түсіну керек. 
Біріншіден, Еуразиялық экономикалық одақ саяси бірлестік емес, келісімнің мәні таза 
экономикалық ынтымақтастық мәселелері. 


Екіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағанда КСРО-ға қайта оралу 
деген болмайды. 
Тараптардың егеменді теңдігі, тең құқылық, ұлттық мүдделерді ескеру қағидасы 
қамтамасыз етілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет