«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет97/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

жаңалығы мен жақсылығы неде? 
– Қазақстанның инновациялық экономикасына мамандар даярлау экономика мен 
өнеркәсіптің барлық саласында түбегейлі өзгерістерге бетбұрыс жасалған жаһандық 
бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер робот техникасы, био- және 
нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйелері, ақпараттық желілер мен 
интеграцияланған жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері дамуының негізінде орын 
алады. Бүгінде біздегі жоғары техникалық білім зымыран уақыт дамуынан кенже қалып 
отырғаны шындық. Ұсынылатын білім деңгейі мен техносаланың жоғары сұранысы 
арасындағы бұл алшақтық өндірісте жұмыс істеуден қорқатын мамандар даярлап 
шығаруға әкеледі. Ал, қашандағыдай өндірістің өзегі – озық біліммен қаруланған, кәсіби 
даярлығы мықты инженерлер мен техник-мамандар болып қала бермек.
Бүгінде елімізде қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама-
сының ауқымды жобаларын іске асыру үшін техникалық білімді, кәсіби біліктілігі мен 
машықтануы жан-жақты, жаңа тұрпаттағы мамандарға сұраныс аса жоғары болып отыр. 
Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі мен еліміз экономикасының 
бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы өнеркәсіптің инновациялық даму тиімділігімен 
анықталады. Бұл өз кезегінде озық білім мен жаңа технологияларды өмірге әкелетін 
ғылыммен және өндіріспен жүйелі байланыстағы жоғары техникалық білім саласын 
жаңғыртуға байланысты. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлеуеті білім беру 
қызметінің сапасымен ғана емес, еңбек адамын қалыптастыруға бағытталған «Білім – 
ғылым 
– 
инновация» 
интеграциясының 
дамуымен 
де 
анықталады. 
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда еліміздің жаңа даму 
дәуіріндегі басты бағдары – «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» стратегиясын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – 
болашаққа бастар жол» атты бағдарламалық Жолдауын басшылыққа ала отырып, қазіргі 
таңда ҚазҰТЗУ-дың 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясы әзірленді. 
Ұлт жоспарында ғылым мен білім саласы алдына қойылған міндеттерге орай онда адам 
капиталы сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің 
өлшемдері негізінде көтеру, экономиканың негізгі алты саласы үшін жоғары білікті 
мамандар даярлау, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін 
кезең-кезеңмен кеңейту, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және білім беру саласының 
экспорттық әлеуетін арттыру, оқыту жүйесінде ағылшын тілінде білім беруге біртіндеп 
көшу, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
мәселелері қамтылды. Қазіргі күні маман даярлаудың барлық деңгейінде білім беру 


үдерісі кешенді жаңғыртылып, білім берудің жаңа түрлері мен технологиялары енгізілді, 
студенттер құрамының сапасы жақсарып, олардың оқудан тыс уақыттағы жан-жақты 
дамуына жағдай жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет