аспауы керек.
Фармацевтикалық қолданылатын контейнер ішінде өнiмi бар немесе өнімді сақтауға
арналған жəне өніммен жанасатын немесе тікелей жанаса алатын бұйым болып
табылады. Тығындайтын зат контейнердiң бөлiгi болып табылады.
Контейнер түрлері:
Бiр реттік контейнер
толық немесе ішін - ара бір рет енгізуге арналған дəрі - дəрмектің
мөлшері бар контейнер .
Көп реттiк контейнер
- екі немесе одан да көп дозаға сəйкес келетін дəрі - дəрмектің
мөлшері бар контейнер .
Жаксы тығындалған контейнер
- ішіндегісін сырттағы қатты заттармен жəне
сұйықтықтармен ластанудан , сондай - ақ кəдімгі жағдайда ішіндегісін өңдеу, сақтау
тасымалдау кезінде жəне шығыннан қорғайтын контейнер .
Ауа өткізбейтін контейнер
- кəдімгі җағдайларда өңдеу , сақтау жəне тасымалдау кезінде
қатты заттар , газдар жəне сұйықтықтарды өткізбейтін контейнер .
Герметикалық тығындалған контейнер
– контейнердің балқытылған материалы
арқылы тығындалған контейнер.
Бірінші ашылуы бақыланатын контейнер
– ашылуы бақыланатын құрылғымен
жабдықталған жабық контейнер.
Балалардан қорғалған контейнер
– балалар аша алмайтын тығындау жүйесімен
жабдықталған жабық контейнер.
Контейнер одан пайдалануға дəрілік препаратты сəйкес тəсілмен шығарып алатындай
етіп құрастырылған. Ол өнiмдердiң табиғатына жəне қоршаған ортаның зиянды əсеріне
байланысты əрбір түрлі қорғау дəрежесiмен қамтамасыз етеді жəне компоненттердің
шығынын минимумға жеткізеді. Контейнер ішіндегісімен оның сапасы өзгеруiн жəне
Фармакопея талаптарына сапа көрсеткiштерi сай келмеуiн тудыратындай физикалық
немесе химиялық əрекеттеспеуі тиіс.
Бөлшектер өлшемі
|