✓
Сипаттамасы
✓
Тұнба түзілуіне
✓
Мөлдірлік
✓
рН
✓
тұтқырлық,
✓
микробиологиялық тазалық.
✓
Бөлініп алынатын көлем (парентеральді қолдануға арналған
ерітінділер жəне ішке қабылдауға арналған ерітінділер үшін)
✓
Қаптама ішіндегісінің көлемі.
Ерітінділерді дайындау кезінде қателер мен бұрмалануларды болдырмау үшін
сапаны бақылау олардың құрамына кіретін дəрілік заттардың əрқайсысының
түпнұсқалығын міндетті түрде анықтауды көздейді. Ерітінділер тұрақсыз дəрілік
түрі болып табылады. Ерітілген заттар химиялық өзгерістерге оңай ұшырайды,
сонымен қатар ерітінділер бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы
орта ретінде қызмет етеді. Сулы ерітінділердегі дəрілік заттардың тұрақтылығының
бұзылуына əкелетін негізгі химиялық процестер гидролиз жəне тотығу процестері
болып табылады. Ерітіндіде өтетін гидролиз жəне тотығу процестері оның сыртқы
түрінің өзгеруіне, атап айтқанда, түстің, бұлыңғырлықтың немесе күңгірттіктің
пайда болуына əкеледі. Сондықтан ерітінді сапасының салыстырмалы көрсеткіші
оның сыртқы түрі болып табылады.
Ерітінділердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін олар əдетте еріген заттардың
қасиеттеріне қарай түссіз немесе қызғылт сары шыныдан жасалған бөтелкелерге
салынып, тығынмен немесе пластик тығындармен жабылады. Өнеркəсіптік
ерітінділер көбінесе полимерлі қаптамада шығарылады. Сондықтан ерітінділердің
сапасын анықтау кезінде олардың қаптамасын бақылау міндетті болып табылады.
Қаптаманың сапасын бақылау оның тұтастығын ғана емес, сонымен қатар ерітіндіні
құрайтын
дəрілік
заттардың
физика-химиялық
қасиеттеріне
сəйкестігін
деқамтамасыз етеді. Бұдан басқа, құтының сыйымдылығының ерітінді көлеміне
сəйкестігі
бақыланады.
Сондықтан,
орау
кезінде
мұндай
ерітінділердің
тұрақтылығын арттыру үшін, олардағы оттегінің мөлшерін азайту үшін бөтелкелер
жоғарғы жағына толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: