ыдырағыштық деген сияқты спецификалық көрсеткіштерін
ескереміз. Сұйық дəрілік формада болған жағдайда, мысалы: көз
тамшылары болса, жалпы мөлдірлік,түстілік, pH(7.4), стерильділік,
механикалық қоспалар сияқты көрсеткіштерді ескереміз.
Спецификалық осмоляльдық сияқты көрсеткіштерді қарастырамыз.
Құлаққа арналған тамшылар болса, жалпы мөлдірлік,түстілік,
pH(7.4), стерильділік, механикалық қоспалар, тұтқырлық сияқты
көрсеткіштерді ескереміз. Тұрақтылықты зерттеу жаңа
фармацевтикалық субстанциялар мен дəрілік препараттардың
стрестік сынақтарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тұрақтылықты айқындау дəрілік заттарды сақтау шарттарын
декларациялау, қаптаманы таңдау жəне таңбалау жөніндегі
нұсқаулар кезінде қажетті деректерді алу үшін оларды растайтын
зерттеулер жүргізу кезінде де қажет. Тұрақтылықты стрестік сынау:
ыдырау реакцияларының сипаты мен бағытын анықтау (процесс
химизмі), ыдыраудың негізгі өнімдерін анықтау жəне бөлу,
сыналатын объектілерде ыдырау өнімдерін анықтау əдістемелерін
іріктеу жəне валидациялау мақсатында жүргізіледі. Жүру шарттары:
10 градустан бастап 10градус қосып отыру арқылы 50-60 градусқа
дейін жеткізу; ылғалдылық 75+-5%.
Достарыңызбен бөлісу: