2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет132/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Оқу жылы бойынша сағаттар саны: 
26 
22+4 
30 
24+2 
108


235 
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі 
(
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығының 16-тармағына
толықтырулармен)

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына 
(жаңартылған мазмұн бойынша және оқу жүктемесін қысқарту бойынша) сәйкес 
2-11-сыныптарда формативті бағалау қорытындысы бойынша әр тоқсанның 
соңында және оқу жылының соңында «Дене шынықтыру» пәні бойынша 
«есептелінді» («есептелінген жоқ») 
деген белгі жазылады. Жиынтық бағалау 
жүргізілмейді.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ 
қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек, яғни білім алушы 
«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы 
бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек. 
Мұғалімнің әр сабақтағы бақылау қызметі жүйелі болады, бұл білім 
алушыларға жаңа материалды оқу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс 
орындайтынын түсінуге мүмкіндік береді, оқушының жеке білім траекториясын 
түзетуге мүмкіндік береді. 
5. Үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен «Дене 
шынықтыру» оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстар 
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес 
сабақтан тыс іс-әрекеттер 
(спорт секциялары)
өткізуге болады. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар академия 
сайтына орналастырылған (www.nao.kz). 
6. «Дене шынықтыру» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 
қарастырылатын әдістемелік тақырыптар 
Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері.
 
Мектептегі дене 
шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене 
шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және 
сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық 
үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй 
тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене 
шынықтыру 
пәнінің 
мазмұнын 
игеру 
процесіндегі 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. 
7. «Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік 
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның 
ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин 


236 
атындағы Ұлттық білім академиясы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене 
тәрбиесі орталық әзірлеген әдістемелік ұсынымдарды пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет