248
Технологиясы:
Рецептіде глицерин жазылған, ол гидрофобты қасиеті
бар күкірт бөлшектерінің бетін жібітіп, оның майдалануын жеңілдетеді.
Тарирленген босататын құтыға 15,0 г глицеринді өлшейді. Келіге 4,0 г күкірт
салып, 2,0 г глицеринмен жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды. Алынған
қоспаға 40 мл су қосып, лайлайды, 1-2 минутқа тыныштықта қалдырып,
жоғарғы қабатын босататын құтыға құйып алады. Бұл операция тұнба толық
лайлы күйге өткенше жүргізіледі. Судың соңғы бөлігімен келіні шайып,
құтыға құяды. 10 мл 90% спирт және 0,4 г калий сабынын қосады,
араластырады. Құтыны тығындап, дайын өнімді босатуға безендіреді. Этил
спирті сандық есепте тұрады, сондықтан рецепт дәріханада қалдырылады, ал
науқасқа сигнатура беріледі.
Егер суспензия құрамына ауыр металл тұздары және жерсілтілі металдар
енсе, онда тұрақтандырғыш ретінде калий сабынын қолдануға болмайды,
себебі ерімейтін тұнба түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: