Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет187/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Бейионогенді 
эмульгаторлар

ерітінділерде 
иондалмайды, 
молекулалары диссоциацияланбайтын заттар (холестерин, твиндер, майлы 
спирттер, целлюлоза және олардың туындылары, өсімдік шырыштары, 
пектинді заттар және т.б.). 
Ионогенді эмульгаторлар. 
Ионогенді эмульгаторларға жататын 
анионактивті және катионактивті ББЗ, линименттер және жағар майлар 
технологиясында қолданылады. 
Амфотерлі эмульгаторлар. 
Бұл топтағы эмульгаторлар ақ уызды 
өнімдер. Ақ уыз молекулалары негізгі - NН
2
және қышқыл - СООН топтар 
кіретін аминқышқылының конденсация өнімі. Олар рН мәніне байланысты 
қышқыл немесе негізгі тип бойынша диссоциациялануға ұшырайды. 
Желатоза - Gelatosae. Желатиннің судағы жартылай гидролизінің өнімі 
(1:2). 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады.
Сонымен қатар казеин, натрий казеинаты, құрғақ сүт қолданылады. 
Құрғақ сүттің құрылысы полипептидті, дәмі жағымды. Құрғақ сүтте ақ 
уызды - казеиноген (фосфопротеид) және альбумин, глобулин бар. Майды 
1:1 қатынаста эмульгирлейді. 
Казеинді эмульгатор ретінде А.Л. Каталхерман (1933 ж.) ұсынған, 
жоғары дисперсті эмульсия түзеді. Казеин казеиногеннен - сүт уызынан 
бөлініп алынады, оның құрамына 23,3% глютамин қышқылы, 9,7% лейцин, 
7,7% серин, 7,6% лизин, 6,7% тирозин, 6,5% валин және 6,1% аспаргин 
қышқылы кіреді.
Жұмыртқа сарысы.
 
Құрамында эмульсияланған түрде болатын 29-36% 
майлары және липоидтары бар 17% ақ уыздың ерітіндісі болып табылады. 
Бір жұмыртқа сарысымен 15-20 г майды эмульсиялауға болады. Жұмыртқа 
сарысындағы эмульсиялау агенті - фосфопротеид вителлин болып 
табылады. 
Бейионогенді эмульгаторлар. 
Дәріханада эмульсиялар дайындау үшін 
шайырлар, пектинді және шырышты заттар кеңінен қолданылады.
Шайырлар
 -
фазааралық шекарада шайырлардан түзілген адсорбциялық 
пленкалар жоғары серпінділігімен және беріктігімен сипатталады. 
Аравия шайыры, гуммиарабик (Gummі arabіcum
) -
импорттық өнім, 
африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай 
мөлдір бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлік майға 5 бөлік шайыр 
алынады. 
Өрік шайыры (Gummі armenіaca
)
- өрік ағашы бұтақтарының 
діңгектерінен кесілген және жарылған жерінен алынады. Көп мөлшерде 
Орта Азияда әзірленеді. 10 бөлік майға 5 бөлік шайыр алынады. Қасиеті 
бойынша гуммиарабикті толық алмастырады. 
Трагакант (Gummі tragacanthae
)
- жоғары белсенді эмульгатор, 10 бөлік 
майға 1,0 г трагакант майда ұнтақ түрінде алынады. Жоғары дисперсті және 
тұрақты эмульсия алу үшін трагакантты гуммиарабикпен біріктіруге болады 
(1:1). 


257 
Өсімдік шырыштары. Салеп шырышы - Mucіlago salep


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет