258
3.
Көкнар дәндерінің қабығын алмай, шаңнан тазарту үшін суық сумен шаяды.
Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған дәндерді фарфор келіге салып,
алынған шикізаттың салмағының 1/10 бөлігіндей сумен
біртекті ботқа тәрізді
масса түзілгенше ысқылайды, содан соң біртіндеп судың қалған мөлшерін
қосады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екі қабат дәке арқылы сүзеді
(эмульсия салмақпен дозаланады).
Эмульсия дайындаған кезде
дәндерден өсімдік майлары, стеариндер,
әртүрлі суда еритін компоненттер сығындалады. Олар тұрақтандырғаш рөлін
атқарады.
Сондықтан
дәндерден
дайындалған
эмульсияларға
тұрақтандырғыш қосылмайды.
Rp.: Emulsі semіnum Amygdalarum dulcіum 100,0
Tіncturae Opіі sіmplіcіs guttas V
M.D.S.
1 шай қасықтан күніне 4 рет
Есептеу:
Дәннің салмағы көрсетілмеген 1:10 дайындалады
10,0 бадам дәні
V
су
= 100 - 10 = 90 мл
Опий тұндырмасы есірткі зат
Опий тұндырмасының дозасы тексеріледі:
100 : 5 = 20 қабылдау саны
Рецепт бойынша
МФ ІХ басылымы бойынша
ЖРД:
5: 20 = 0,25 тамшы
22 тамшы
ЖТД:
0,25 ∙ 4 = 1 тамшы
55 тамшы
Дозасы аспаған.
Б.П.
Semіnum Amygdalarum dulcіum 10,0
Aquae purіfіcatae 90 ml
Tіncturae Opіі sіmplіcіs guttas V
m
ж.
= 100,0
Достарыңызбен бөлісу: