Оқулық шымкент, 2018 жыл


Жиі қолданылатын эмульгаторлар және олардың мөлшері



Pdf көрінісі
бет191/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Жиі қолданылатын эмульгаторлар және олардың мөлшері 
 
Эмульгатор 
100,0 г эмульсияға қажетті 
эмульгатордың мөлшері, г 
Аравия шайыры 
5,0 
Өрік шайыры 
3,0 
Желатоза 
5,0 
Крахмал 10% шырышы түрінде 
5,0 
Майсыздандырылмаған құрғақ сүт 
10,0 
Эмульгатор Т-2 
1,5-2,0 
Ескерту:
Э - эмульгатор; М - май; С - су. 
 
Эмульсияға дәрілік заттарды енгізу. 
Эмульсия құрамына кіретін дәрілік 
заттар олардың полярлы немесе полярсыз фазаларда ерігіштігіне байланысты 
енгізіледі. 
а) Суда еритін заттарды біріншілік эмульсияны сұйылтуға арналған су 
бөлігінде ерітеді. 
б) Майда еритін дәрілік заттарды (камфора, ментол, анестезин, тимол, 
майда еритін витаминдер, гормонды препараттар) біріншілік эмульсия дайындар 
алдында майда ерітіп алады. 
Эмульгаторды және біріншілік эмульсияға қажет судың мөлшерін 
есептеген кезде, майлы фазаның (май + дәрілік зат) салмағының өсетіндігі 
ескеріледі. 
в) Суда да, майда да ерімейтін дәрілік заттар (танальбин, висмут тұздары, 
мырыш тотығы, магний тотығы және т.б.) дайын эмульсия құрамына майда 
ұнтақ (суспензия) түрінде енгізіледі. 
г) Майда еритіндігіне қарамастан фенилсалицилат, бензонафтол дайын 
эмульсия құрамына суспензия түрінде енгізіледі. Егер оларды майда ерітсе, 
антисептикалық әсері төмендейді. Осы екі дәрілік зат гидрофобты болғандықтан 


261 
оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырғыш ретінде желатоза, шайырлар 
немесе басқа ББЗ қолданылады. 
д) Тұндырмалар, шырындар, сұйық экстрактылар, спиртті ерітінділер 
дайын эмульсияға сұйылтылған күйінде қосылады. 
е) Егер эмульсия құрамына эфир майлары енсе, онда тұрақты эмульсия алу 
үшін, эфир майларына теңдей немесе екі есе мөлшерде эмульгатор алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет