260
а) Құрғақ келіде эмульгатор мен майды мұқият ысқылайды, содан соң су
қосып (Э + М + С), одан әрі сытырлаған дыбыс шыққанша, ысқылайды. Ол
біріншілік эмульсияның (эмульсия корпусы) дайын болғандығын білдіреді.
Біріншілік эмульсияның дайын болғандығы бір тамшы суды келі қабырғасына
тамызған кезде кең із қалдыруымен дәлелденеді.
б) Эмульгаторды сумен ысқылайды, массаға, араластыра отырып, май
қосады (Э + С + М). Біріншілік эмульсияға судың қалған мөлшерін қосады.
в) Келіде ысқылаған эмульгаторға май мен судың қоспасын қосады (Э +
(М + С)), біріншілік эмульсия алынғанша, жылдам ысқылайды, содан соң
судың қалған мөлшерін қосады:
Біріншілік эмульсия алудың екінші тәсілі оптималды. Аз уақыт ішінде
тұрақты эмульсия алынуын қамтамасыз етеді.
6.
Эмульсиялау кезінде келсап қозғалысы бір бағытта болуы керек. Келсаптың
тәртіпсіз қозғалысы эмульсиялау процесін баяулатады.
Кесте 15
Достарыңызбен бөлісу: