268
жаңа қазып алынған мия тамыры өте тәтті дәмді. Егер оны суық суға салса, тәтті
дәмі суға өтпейді. Су тек жасуша ішіне енуі мүмкін.
Кептірілген өсімдікте өлі жасушаның жартылай өткізгіштік қасиеті жоқ,
онда қуыстар, яғни
ультрасаңлаулар пайда болып, сол арқылы диализ жүреді.
Бұл жағдайда сұйықтық жасуша ішіне де, сыртына да өтуі мүмкін.
Сығындылау процесі келесі сатылардан тұрады:
жібіту, біріншілік
сөлдің түзілуі, масса алмасу процесі.
Бірінші сатыда
- өсімдік шикізаты сумен шыланып, су жасушаға енеді.
Өсімдік материалында гидрофильді
заттардың көп болғандығынан, ол сумен
жақсы шыланады. Капиллярлы күштердің әсерінен су жасуша қабырғасындағы
саңылаулар арқылы өсімдік шикізатымен сіңіріледі,
жасушааралық кеңістікті
толтырады. Судың саңылаулы таса арқылы өтіп, жасушаға енуі эндоосмос деп
аталады. Өсімдік жасушасына судың енуімен бірінші саты аяқталады.
Екінші сатыда
біріншілік сөл түзіледі. Жасушадағы су алдымен
диффузияға қабілеті жоғары төмен молекулалық заттарды (қышқылдар,
алкалоидтар, гликозидтер) еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы
қосылыстар, коллоидтар ериді. Жасуша ішінде
жоғары осмостық қысым
тудыратын, концентрлі ерітінді түзіледі. Оны біріншілік сөл деп атайды.
Үшінші сатыда
- масса алмасу процесі жүреді. Масса алмасу процесі
сырттағы еріткіш пен жасуша ішіндегі зат ерітіндісі арасындағы
концентрациялардың айырмашылығына негізделген.
Жасуша ішінде осмостық
қысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің саңлаулы таса
арқылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша
жылжуына мүмкіндік жасайды. Бұл сығындылау процесінің соңы. Сонымен,
концентрациялар айырмашылығы – сығындылау процесінің қозғалыс күші
болып табылады.
Негізінен, диффузияның екі түрі болады:
молекулалық диффузия,
конвективтік диффузия.
Достарыңызбен бөлісу: