246
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа 120 мл суды, бюреткалық
қондырғыдан 30 мл 5% натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қосады. Одан әрі
қарай жоғарыда көрсетілгендей суспензия дайындалады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын заттарға:
камфора, ментол,
тимол, бромкамфора, күкірт жатады. Бұл заттардың суспензияларын
тұрақтандыру үшін 1,0 г препаратқа: 0,5 г өрік шайыры; 1,0 г аравия шайыры
немесе желатоза қосылады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын препараттардың майдалануы
90% этил спирті (қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы
жүргізіледі. Олар спиртте жеңіл ериді, спирт буланып кеткен соң
рекристаллизация жүреді, нәтижесінде зат жеңіл майдаланады. Мысалы:
Rp.: Camphorae 1,5
Natrіі bromіdі 2,0
Adonіsіdі 10 ml
Aquae purіfіcatae 150 ml
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу: Құрғақ заттардың концентрациясы анықталады.
V
ж.
= 10 мл + 150 мл = 160 мл
m
қ,з.
= 1,5 + 2,0 = 3,5
3,5 - 160 мл
х - 100 мл
х =2,19% < 3% құрғақ заттардың мөлшері 3% төмен.
Салмақ- көлемдік әдіспен дайындалады
Камфора гидрофобты қасиеті айқын байқалатын зат, тұрақтандыруды
талап етеді. Ол үшін желатозаны 1:1 қатынасында алады, яғни 1,5:1,5.
Технологиясы Дерягин ережесі бойынша пульпа алу және лайлау процесін
қолданып жүргізіледі.
Б.П.
Aquae purіfіcatae 150 ml
Natrіі bromіdі 2,0
Camphorae 1,5
Gelatosae 1,5
Adonіsіdі 10 ml
V
ж.
= 150 мл
Достарыңызбен бөлісу: