273
Жұмсақ өсімдік шикізатынан (жапырақтардан, шөптерден, гүлдерден) тек
тұнба
дайындалады, инфундирлі аппаратта 15 минут тұндырады. Ал аюқұлақ
жапырағынан қайнатпа дайындалады. Тығыз
өсімдік шикізаттарынан
(тамырлардан, тамырсабақтарынан, қабықтардан) қайнатпа дайындалады, себебі
диффузия баяу жүреді. Тек ғана шүйгіншөп тамырлары мен тамыр сабақтарынан
(эфир майлары бар) тұнба дайындалады. Суытқан кезде де, әрі қарай сығындылау
процесі жалғасады. Бұл кезде тұнбалар мен қайнатпалар баяу диффузияланатын
жоғары молекулалы қосылыстармен қанығады. Наперстянка гликозидтері
қыздырған кезде коагуляцияға ұшырап, суытқан кезде ериді.
Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясында
тұндыру және суыту уақыты
тәжірибе жүзінде анықталған. Қайнатпалар, ұзақ
уақыт суытқан кезде өте
қоюланып кетеді, себебі ЖМҚ (крахмал, пектиндер) көп мөлшерде сығындыға
өтеді, сондықтан оны 10 минут суытады. Тек құрамында иілік заттары бар өсімдік
шикізатынан
сығынды дайындаған кезде, ыстық күйінде сүзеді, себебі иілік
заттардың ерігіштігі тікелей температураға тәуелді.
Егер рецептіде «cito»
деген белгі болса, онда сығындыны 25 минут
қыздырып, жасанды түрде суытады.
Достарыңызбен бөлісу: