278
Емен қабығы.
10-20% иілік заттары
бар - пирогаллол туындылары,
қабынуға қарсы әсер етеді.
Қазтабан тамырсабақтары.
15-31% иілік заты бар. Бактерицидті
әсері бар. Шаюға, микстура түрінде дизентерияда қолданылады.
Жылантаран тамырсабағы
. 15-25%
иілік заты бар - пирогаллол
қышқылы. Бырыстыратын (вяжущее) әсері бар.
Аюқұлақ жапырағы.
30-35% иілік заттары бар. Қуық ауруларында
антисептикалық құрал ретінде қолданылады.
Егер дәрігер осы шикізат
түрінен тұнба жазса, әрдайым қайнатпа дайындалады.
Дайындау ерекшелігі:
Қайнаған су моншасында тұндырып болған
соң, суытпай бірден сүзеді. Бұл иілік заттардың, суыған кезде тұнып, сүзу
кезінде фильтрде қалып қалуымен түсіндіріледі.
Rp.: Іnfusі folіorum Uvae Ursі ex 10,0 - 200 ml
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу: К
с
= 1,4;
V
су
= 200 + (10,0 ∙ 1,4) = 214 ml
Б.П.
Folіorum Uvae Ursі 10,0
Aquae purіfіcatae 214 ml
V
ж.
= 200 ml
Достарыңызбен бөлісу: