Жағар майлардың жіктелуі. Жағар майлар әртүрлі белгілеріне байланысты
жіктелінеді:
-
белгіленуі бойынша;
-
қолданылатын жері бойынша;
-
дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша
(технологиялық).
Белгіленуі бойынша жағар (жақпа)
майлардың жіктелуі: 1. Қорғаныс жағар майлары. Олар профилактикалық мақсатта теріге және
кілегей қабаттарға жағу үшін, теріні улы заттардың, органикалық еріткіштердің,
микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданылады. Қорғаныс жағар
майларды мамандық зияндылығы бар әр түрлі өндірістерде қолданудың маңызы
зор.
2. Косметикалық жағар майлар. Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру,
пигментті дақтарды кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады
3. Емдік жағар майлар (немесе медициналық). Бұл жағар майлардың
маңызды тобы. Терінің зақымдалған жеріне, кілегей қабатқа бағытталған түрде
жергілікті, локальды әсер көрсетеді (күкірт, мырыш, ксероформ жағар майлары).
Резорбтивті әсер көрсететін жағар майлар (резорбция-сіңу) теріге немесе кілегей
қабықтың терең қабаттарына өтіп, қан тамырларға немесе лимфаға жетіп, бүкіл
ағзаға немесе жеке мүшелерге әсер көрсетеді. Мысалы «Нитронг» жағар майы
оның құрамында нитроглицериннің 2% майлы ерітіндісі бар, стенокардия
ұстамасында қолданылады.
Қолданылатын жері бойынша емдік жағар майлардың жіктелуі: 1. Жағар майлардың өзі (Unguenta) дерматологиялық жағар майлар
2. Мұрынға арналған жағар майлар
– Unguenta nаsalіs немесе Unguenta
rіnalіs.
3. Көзге арналған жағар майлар
– Unguenta ophthalmіca
4. Вагиналды
– Unguenta vagіnalіs
5. Уретралды
– Unguenta urethralіs
6. Ректалды
– Unguenta rectalіs
Бұл жіктелу бойынша жағар майлардың қолданылуы қосымша түсіндіруді
қажет етпейді.