392
Басқа ерітінділерден шаншуға арналған ерітінділердің айырмашылығы
асептикалық
жағдайда
стерильденген
құрал-жабдықтарды
қолданып
дайындалады.
2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындаған кезде, құрамында әртүрлі
медикаментері бар немесе бір дәрілік заттан әртүрлі концентрацияда
дайындалатын ерітінділерді бір жұмыс орнында,
бір уақытта дайындауға
тыйым салынады.
Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру.
Шаншуға арналған
ерітінділерді стерильдеу процесінде және сақтау кезде, кейбір дәрілік заттар
ыдырап, оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады.
Ерітінділердегі дәрілік
заттардың ыдырау себебі – гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары
есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде, сонымен қатар
боялу немесе түсінің, иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі
мүмкін.
Ыдырау нәтижесінде түзілген өнімдер бастапқы заттарға қарағанда
токсикалық болуы мүмкін.
Гидролиз - әртүрлі заттармен су арасындағы ион алмасу реакциялары.
Жалпы түрде бұл процесті келесі теңдеумен көрсетуге болады:
ВА + НОН НА + ВОН
мұндағы:
ВА - гидролизденуші зат;
НА және ВОН - гидролиз өнімдері;
Гидролизге әртүрлі қосылыстар ұшырайды, соның ішінде тұздар,
эфирлер, ақауыздар,
көмірсулар, майлар және т.б. Олардың ішінде ең
негізгісінің бірі - тұздар гидролизі. Гидролиз дәрежесіне келесі факторлар әсер
етеді:
1. Тұздың химиялық табиғаты. Оны түзуші компонентер, яғни қышқылдар
мен негіздердің күшімен анықталады. Тұз компонентері неғұрлым әлсіз болса,
соғұрлым гидролиз өнімі әлсіз диссоциацияланып, гидролиз дәрежесі жоғары
болады.
Гидролизге тек бір немесе екі компоненті де әлсіз тұздар ұшырайды.
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар, мысалы, натрий хлориді
гидролизге ұшырамайды және олардың ерітінділері нейтралды реакциялы
болады.
2. рН мәні.
Тұз ерітінділерінде Н
+
және ОН
-
иондарының
концентрацияларын өзгерту арқылы, гидролизді қажетті жағдайға бағыттауға
болады.
3. Температура. Температура жоғарыласа,
судың диссоциациялану
дәрежесі өсіп, ерітіндіде Н
+
және ОН
-
иондарының концентрациясы
жоғарылайды. Осыған байланысты, аз
диссоциацияланатын гидролиз
өнімдерін түзететін иондар мен тұздар иондарының қосылу мүмкіндігі
жоғарлайды.
393
4. Тұз концентрациясы. Ерітіндіні сумен сұйылтқанда, егер тұздың бір
компоненті - күшті электролит болса, гидролиз күшейеді.
Екі компоненті де
әлсіз тұз гидролизінің дәрежесі - сұйылтуға байланысты емес. Осыған
байланысты, тұздар гидролизі үш типке бөлінеді:
-
әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі;
-
күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизі;
-
әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизі. Тұздар гидролизін
болдырмау үшін, ерітінділерді тұрақтандыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: