Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет83/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Дәрілік заттарды ұнтақты дайындау ережесін сақтай 
отырып, араластырып, ең соңында қою экстрактының ерітіндісін қосады. Оны 
қосқан кезде ұнтақтың сусымалы қасиеті жоғалмауы керек. Дайын ұнтақтың 
ұнтақталу дәрежесін, біртектілігін тексеріп, 0,33 г дозалайды. Балауызданған 
қағаз капсулаларға орап, ішуге арналған этикеткамен безендіреді. 
Ұнтақтарды бояғыш заттармен дайындау. 
Бояғыш заттарға бриллиант 
жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактаты
рибофлавин, индигокармин, акрихин және т.б. жатады. Бояғыш заттар ыдыста, 
тығындарда, құралдарда және басқа да заттарда бояулы із қалдырады. Бояғыш 
заттар атаулары боынша бөлек тығыз жабылатын арнайы шкафта сақталады.
Бояғыш заттармен жұмыс істеу үшін әр затқа жеке таразы, келі мен келсап, 
басқа да керекті бұйымдар бөлек болуы керек. Ұнтақтар арнайы бөлінген 
орында дайындалады. 
Бояғыш заттарды ұнтақ құрамына «үшқабат» тәсілімен, яғни, бояғыш затты 
ақ түсі заттардың арасына салу арқылы енгізеді. 
Есептеулер: 
Rp.: Methylenі coeruleі 0,01
0,01 x 15 = 0,15 
Chіnіnі hydrochlorіdі 0,3
0,3 x 15 = 4,5 
Mіsce fіat pulvіs.
m
ж
= 0,15 + 4,5 = 4,65 
Da tales doses № 15 іn capsulіs 
gelatіnosіs
m
1 ұнт.
= 4,65 : 15 = 0,31 

Sіgna.
1 капсуладан күніне 3 рет 


128 
Б.П. 
Chіnіnі hydrochlorіdі 4,5 
Methylenі coeruleі 0,15 
m
ж
= 4,65; m
1 ұнт.
= 0,31; № 15
 
Технологиясы:
Алдымен түсі ақ хинин гидрохлоридін ұнтақтап, қағаз 
капсулаға жартысын төгеді. Келіге 0,15 г метилен көгін өлшеп, үстіне хинин 
гидрохлоридінің 
капсуладағы 
мөлшерін 
салады. Қоспаны 
мұқият 
араластырып, оның біртектілігін тексереді. Бұл кезде түсі жағынан 
ерекшеленіп тұрған бөлшектер болмауы керек. Кейін ұнтақты 0,31 г дозалап, 
желатинді капсулада босатады. ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 
бұйрығы талаптарына сай безендіріледі.
Ұнтақтар технологиясында боялған заттармен де ұнтақтар дайындалады. 
Боялған заттардың бояғыш заттардан ерекшілігі, тығын материалдарында, 
ыдыста боялған із қалдырмайды. Олар жалпы талаптар бойынша сақталады 
және ол заттармен ұнтақтар жалпы күрделі ұнтақтар ережесіне сай 
дайындалады. Боялған заттарға: хинозол, дерматол, протаргол, колларгол 
және т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет