125
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 3 рет.
Рецептіде дозаланған, бөлінген тәсілмен жазылған күрделі ұнтақ
берілген. Барлық ингредиенттер сыйымды. Фенобарбитал ҚР Үкметінің
0.9.03.1998 ж. «ҚР бақылауда тұратын есірткі құралдар, психотропты заттар
және прекурсорлар туралы» Қаулысының ІІІ кестедегі тізіміне сәйкес
психотропты затқа жататын болғандықтан, рецептіде оның атауының асты
қызыл қарандашпен сызылады. Қалған заттар күшті әсер ететін заттарға
жатады. Бұл препараттардың дозасы тексеріледі.
а) Құрғақ экстрактымен ұнтақ дайындау -
Extractum Belladonnae sіccum
(1:2)
Есептеулер: 0,015 x 12 = 0,18 x 2 = 0,36 (1:2) құрғақ экстракты
0,02 x 12 = 0,24
Фенобарбитал
0,03 x 12 = 0,36
Папаверин гидрохлориді
0,25 x 12 = 3,0
Глюкоза
m
ж
= 0,36 + 0,24 + 0,36 + 3,0 = 3,96
m
1 ұнт.
= 3,96 : 12 = 0,33
Бақылау паспорты
Күні
рецепт №
Glucosі 3,0
Phenobarbіtalі 0,24
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,36
Extractі Belladonnae sіccі (1:2) 0,36
m
ж
= 3,96; m
1 ұнт.
= 0,33; № 12.
Дайындаған: (қолы)
Тексерген: (қолы)
Босатқан: (қолы)
Құрғақ экстрактымен ұнтақ жалпы аздан көпке қарай «Алтын ереже»
бойынша дайындалады.
Технологиясы:
Келіге 3,0 г глюкозаны өлшеп салып, ұнтақтайды.
Келіде оның 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қағаз капсулаға төгеді.
Сонан соң, келіге 0,24 г фенобарбитал, 0,36 папаверин гидрохлориді және
0,36 г итжидек құрғақ экстрактысын қосып, қалақшамен жинақтай
отырып, араластырады. Соңынан капсулаға төгілген глюкозаны қосып,
біртекті ұнтақ болғанша араластырады. Дайын ұнтақтың біртектілігін
тексеріп, ВР-1,0 қол таразысының көмегімен 0,33 г балауызданған қағаз
капсулаларға дозалайды. Орамдап, ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. №
227, 01.11.96 ж. № 481 бұйрықтарының талаптарына сай босатуға
безендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: