Оқулық шымкент, 2018 жыл


Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау



Pdf көрінісі
бет84/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау. 
Қиын 
ұнтақталатын заттарды ұшқыш сұйықтықтар (этанол, эфир) қатысында бөлек 
майдалайды. Бұл сұйықтықтар кристаллдардың микрожарықтарына жеңіл 
еніп, ажыратқыш қасиет көрсетеді және майдалануына ықпал етеді. 
Сұйықтық буланып кеткен соң, майда дисперсті ұнтақ пайда болады. 
Қиын ұнтақталатын заттарға көптеген иісті және ұшқыш заттар (ментол, 
йод, тимол, камфора және т.б.), сонымен бірге, фенилсалицилат, салицил 
қышқылы, бор қышқылы, натрий тетрабораты, стрептоцид жатады. Соңғы үш 
затты қосымша сұйықтықтарсыз да майдалауға болады, бірақ, ұнтақтау ұзақ 
жүреді және күш жұмсауды қажет етеді. 
1,0 г затты ұнтақтауға қажетті сұйықтықтың мөлшері 6 кесте 
көрсетілген. 
Қиын ұнтақталатын затпен ұнтақты дайындаған кезде (егер ол әрі 
ұшқыш және иісті болса), оны бөлек жұмыс орнында жүргізеді. Ол заттарға 
жеке келі мен келісап және қол таразы бөлек қолданылады. Құрамында қиын 
майдаланатын заттары бар ұнтақтарды пергамент капсулада босатады. 

 
 
 
 
 
Есептеу:
Rp.: Camphorae 0,1
 
 
 
 
0,1 x 10 = 1,0 
Saccharі 0,4
 

0,4 x 10 = 4,0 
Mіsce fіat pulvіs.
m
ж
= 1,0 + 4,0 = 5,0 
Da tales doses № 10
m
1 ұнт.
= 5,0 : 10 = 0,5 

Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 2 рет 
Б.П. 
Camphorae 1,0 
Spіrіtus aethylіcі guttas X 
Saccharі 4,0 
m
ж
= 5,0; m
1 ұнт.
= 0,5; 
№ 10


129 
Кесте 6 
Қосымша сұйықтықпен майдаланатын дәрілік заттар 
Заттың атауы 
95% этил 
спирттің 
мөлшері 
Медициналық 
эфирдің 
мөлшері 
Ескертпе 
Йод 
10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Камфора 
10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Ментол 
10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Пентоксил 
10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Тимол 
10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Фенилсалицилат 10 тамшы 
15 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Бор қышқылы 
5 тамшы 
8 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Натрий 
тетра- 
бораты (бура) 
5 тамшы 
8 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Салицил 
қышқылы 
5 тамшы 
8 тамшы 
Шырышты қабаттарды 
тітіркендіреді, 
қиын ұнтақталады 
Стрептоцид 
5 тамшы 
8 тамшы 
Қиын ұнтақталатын зат 
Келіге камфораны өлшеп салып, 10 тамшы этанол қосып ұнтақтап, спирт 
ұшып кеткенге дейін біршама уақытқа ашық қалдырады. Сонан соң 5,0 г 
қантты салып ұнтақтап, қоспаны біртекті болғанша араластырып, дозалайды. 
Дозаланған ұнтақты пергамент капсулаға орамдап, қағаз қорапқа салып, 
босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге» жасыл түсті, ескерту 
этикеткасы «Балалардан сақта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет