158
Аллаһ оны ауыр бір дерт арқылы сынаққа алды. Науқасы меңдеп,
мүлде жүре алмай қалды.
Денесі шіріп, еті жидіп түсе бастады.
Ауруының жұғуынан қорыққан достарының барлығы одан теріс
айналды, екі жолдасы ғана алыстан сөйлесетін.
Тек адал жары
оны тастамай, күтіп-бағып тамақтандыратын, жуындыратын. Бір
күндері олардың ас-ауқатқа жұмсайтын да қаражаттары қалмады.
Сонда ол күйеуін бағу үшін адамдарға жалданып қызмет істеді.
Айюбтың сырқаты он сегіз жылға созылды деген дерек бар. Ол өз
ауруының
азабын
айтып
ешкімге,
тіпті
әйеліне
де
шағымданбайтын. Бір күні әйелі оған: «Егер Раббыңа дұға
қылсаң, сені бұдан құтқарар еді», – дейді. Айюб Аллаһқа шипа
тілеп дұға қылмайтын, Оның тағдырына разы еді. Сонда ол: «Біз
қанша жыл молшылықта өмір сүрдік?» – деп сұрады. Әйелі:
«Жетпіс жыл», – деп жауап берді. Сонда ол: «Мен молшылықта
өмір сүргенімдей сынақ мерзімі өтпейінше Аллаһқа
шипа сұрап
дұға қылуға ұяламын», – деді. Сонда әйелі үмітсіздікке салынып:
«Бұл сынақ қашанға дейін созылады?» – деп қалады. Айюб
ашуланып, осыдан жазылса, оған жүз дүре соғуға Аллаһпен ант
ішеді.
Олардың халі нашарлай түсті.
Адамдар Айюбты жұқпалы ауру
деп оның әйелін қызметшілікке алмай қойды. Екеуі аштықта күн
кешті. Бір күні әйелі оған тағам алып келді. Әйелі оған айтпай,
бір бұрымын сатқан болатын. Біраз күннен
соң тағы да тамақтары
таусылды. Әйелі екінші бұрымын сатып, азық әкеледі. Сол кезде
Айюб таңданып: «Мұны қайдан алдың? Біреудің үйінде қызмет
еттің бе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп жауап берді. Айюб
қайдан
алғанын айтпаса, тамақты жемеуге ант ішіп отырып
алады. Сонда әйелі басын ашады. Қараса, жарының қос бұрымы
да қырқылған екен.
Сонда барып
Достарыңызбен бөлісу: