Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сен өзің сүйген адамды тура жолға сала алмайсың



Pdf көрінісі
бет153/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Сен өзің сүйген адамды тура жолға сала алмайсың. 
Алайда Аллаһ қалаған адамын тура жолға бастайды»
2
, – 
деген. 
2. Бұл қиссада тура жолға үндеу мен шақыруға қатысты зор 
ғибрат бар. Адам баласы Аллаһтың мейірімінен ешқашан үміт 
үзбей, өзгелерді тура жолға бастауда өзіне ғана сүйенбеуі керек. 
Өйткені тура жолға бастау – Аллаһқа тән, ал дағуатшыға тек 
шақыру – міндет. 
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
2
«Қасас» сүресі, 56-аят. 


173
 
 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Құрандағы ұлы қиссалардың бірі – пайғамбарлардың ұлы 
бестігі қатарындағы Аллаһ елшісі Мұсаның өмір жолы. Бұл қисса 
Құранда жетпістен астам орында баян етілген. Аллаһ тағала:
«Бұл – анық баян етуші Кітаптың аяттары. 
(Мұхаммед!)
 
Саған Мұса мен перғауынның қиссасын иланатын ел үшін 
ақиқатпен оқимыз»
1
, – деген. 
Мұса ұлы да құрметті, Аллаһқа шын берілген пайғамбар 
болатын. Құдірет Иесі:
«
(Мұхаммед!) 
Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Рас, ол 
ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді»
2
, – дейді. 
Ол – Мұса ибн Имран ибн Қаһис ибн Азир ибн Ләуи ибн 
Яғқуб ибн Исхақ ибн Ибраһим. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражға көтерілгені туралы хадисте 
оны: 
«Бидай өңді, денелі»
, – деп сипаттаған
3

Ол өте күшті болатын. Тіпті онда он кісінің күші бар еді деп 
айтылады. Сондай-ақ оның ерекшеліктерінің бірі – тілінің 
мүкістігі. Перғауын: 
«Иә, мен осы өзі қор, сөзін ұқтыра 
алмайтыннан жақсы емеспін бе?»
4
– деген. Сөйлеген кезінде 
тілі күрмеліп қалатын. Бірақ бұл кемістігі оны пайғамбар әрі ұлы 
елшілерден болуына кедергі жасай алмады. Ол өзі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет