Тасқала ауданы іі-ші Шежін ауылы



Дата27.12.2016
өлшемі42,29 Kb.
#6233
Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ІІ-ші Шежін ауылы

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Айжарикова Гульбану Талаповна

І санатты мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі.

Еңбек өтілі-16 жыл

Тақырыбы: Менің добым

Білім беру салалары: Шығармашылық

Мақсаты: Денсаулықтың маңызын ұқтыра отырып, денені шынықтырудың салауатты өмір салтын ұстануда маңызы зор екенін ұқтыру. Доп-сүйікті ойыншығы арқылы шынығуға шақыру. Суреттерін ұқыпты бояуға үйрету.

Қажетті көрнекі құралдар: Сурет дәптер, доп.

Қостілділік компонент/билингвальный/: доп-мячь, ойнау-играть, менің добым-мой мячь.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-

шылығын

ояту

кезеңі



Өлең оқу: Футбол

Жиырмасы да жарыста

Жайбарақат қалған ба

Футболистер-барыстар,

Жұлысады алаңда

Алға қарай екпіндеп,

Жүйріктерше бапталған

Теңбіл допты тепкілеп,

Соғады әкеп қақпаға.

(Е. Өтетілеуұлы)


Өлеңді тыңдап, мазмұнын әңгімелейді.

Бірнеше рет қайталайды.



Ұйымдас-

тырушы-

лық

ізденіс

кезеңі


-Өлең не туралы?

-Бүгін ненің суретін саламыз деп ойлайсыңдар?


Жұмбақтар:

Аяқпен теп,

Баспен соқ

Қол тигізбе құқық жоқ.



(Доп)
Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа (Футболшылар)


Суға салсаң-батпайды,

Ұрсаң тыныш жатпайды.



(Доп)
Мәлімет:

Доп-резеңке, пластмассадан, сол сияқты серіппелі нәрсеге ауа толтырылған спорттық домалақ шар.



Мақал-мәтел:

*Шынықсаң-шымыр боласың.

*Дені саудың-жаны сау.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

«Доп» М.Әлімбаев

Секіреді, соқтығады,

Басылмай жүр тоқтығы әлі

Желі кетсе, не болады?

Не болады? Жоғалады?
Сурет салу сәті:

Шеңбер сызу арқылы әдемі, бірнеше, түрлі

түсті доп салуға рұқсат етіледі.
Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Балшыққа тек жолама

Жек көремін мұныңды

Бүлдіресің қолымды.
Қ/о: «Дәл тигіз» Алдарына қойылған затты доппен дәл тигізу. Бейнені дәл салуға үйрету.

Допты пайдаланып бірнеше жаттығу жасау.



-Футбол.

-Доп.

Жұмбақтарды шешіп, бүгін не туралы әңгіме болатынын, ненің суретін салатынын анықтайды.

Жаңа мәлімет алады.


Мақалды жаттайды, мәнін ұғынады.

Өлеңді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

Үлгі бойынша сурет салады, бояйды.

Сергіп қалады.

Тәрбиешімен бірге жаттығу жасайды.
Ойынды қуана ойнайды.


Іс-әрекетті

бақылау кезеңі


Сабақты қорыту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Доппен ойын ойнайды.



Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже: доп туралы жан-жақты мәлімет алады;

Қандай түсініктерді игерді: сурет салу шеберлігі қалыптасады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: доптың дене шынықтыруға пайдалы екенін ұғынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет