276
құтты қылып, тірі жүргенімде намаз бен зекетті өсиет етті.
(Сондай-ақ мені)
анама мейірімді етіп, зорлықшыл, бақытсыз
қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта
тірілер күнімде
(Аллаһтан)
амандық болсын»
1
, – деді.
Міне, Аллаһтың мұғжизасы! Жөргектегі нәресте ақида, иман,
ғибадат, әдеп мәселелерінде теңдессіз сөздер айтты. Көпшілік
алдында нәресте осы сөздерді айтқаннан кейін бұған біреулер
сенді, ал біреулер сенбей, «Бұл – сиқыр шығар» деп күмән
келтірді. Ал яһудилер Мәриямға мүлдем сенбей, оны салдақы
деп, ал оның ұлы Исаны салдақының баласы деп атайтын болды.
Олардың бұл қателіктерін әшкерелеп, Аллаһ тағала:
«Олар қарсы шығулары әрі Мәриямға зор жала
жапсырған
сөздері
себепті
(Аллаһтың
лағынетіне
ұшыраушылар)
»
2
, – деген.
Исаның балалық шағы
Иса Бәйтул-Лахм деген жерде дүниеге келген еді. Ол нәресте
кезінде сөйлегенімен, кейін бала сөйлейтін жасқа келгенше
сөйлемеген делінген. Бала кезінен-ақ оның бойында мұғжизалар
бой көрсеткен, ал яһудилер болса бұл баладан шындап сескенді.
Бұл сескеністің басты себебі – Иса ержеткеннен соң, өздерінің
пасық іс-әрекеттерінің әшкерелеуінен қорыққан-ды. Ұлының
амандығына алаңдаған Мәриям көбіне яһудилердің дұшпандық
әрекеттерге баруынан сескеніп, мүмкіндігінше қалада болмауға
тырысты. Сондықтан Бәйтул-Мақдистің маңындағы бір төбені
мекен етті. Олар мекен еткен төбе Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: