Технологиясы



Pdf көрінісі
бет102/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

а
— клиц; б, 
в
—иірілген жібі бар болат жолақтар; г —түймешігі 
бар пластмасса жолақтар 


235 
8.8 сурет. Арқан неме ішекте 
(а, 
б) 
және 
аспалы 
пластинасында (в, г) тікелей 
тілкемдер 
әдісімен 
тармақтаушы 
қораптарын 
бекіту
Сымарқандық сымдар жүйесінің түр өзгешелігі шекті сымдар 
болып табылады, олар орнатылған кезде қорғалған сым немесе 
шоғырсым ішекке (созба сымы, телеграф сымы) тікелей бекітіледі.
Тармақтаушы қораптарды көтеруші құрылмаларына бекітудің 
әртүрлі тәсілдері қолданылады: қоршау әдісін қолданып, 
тілкемдермен арқанға немесе ішекке тікелей; ішек немесе арқанға 
бекітілген металл пластинасына; шағын биіктікті ғимаратының 
құрылыс негізінде (төбе, тіреу) тікелей (8.8сурет). 
Ішекті сымдардың ұштық бекіткіштері бітеу немесе бір ұшынан 
керу құрылғысының көмегімен, аралық – қорап және шамдарды 
орнатуға тағайындалған бекіту бөлшектерін қолданумен 10...15 м 
сайын. Ішектің бүкіл ұзындығы бойымен тұрақты керуді 
қамтамасыз ету үшін аралық бекітулерді жылжымалы әдіспен 
орындайды. Ішекті сымдар арқан сымдарына қарағанда үнемді 
болып келеді, себебі, металды, аралық бекіткіштеріне арналған 
бекіту бөлшектерін және еңбектің жұмсалуын әлдеқайда аз талап 
етеді (ішектің диаметрі 2...4 мм болса, арқанның диаметрі 6...8 мм 
құрайды).
Арқан сымдарының дайын торабы монтаждаудың екінші 
кезеңінде, құрылыс аяқталған үй-жауларда алдын-ала орнатылған 
керме 
құрылғыларында 
және 
аспаларында 
құрастырылады. 
Монтаждауға келесідей шаралар 
кіреді:
еденде арқан электр сымдар 
жүйесін тарқату;
сымдарды, 
аспаларды 
түзету 
және шамдарды қосу үшін арқан 
желісін (егер олар шеберханаларда 
монтаждалмаған болса) уақытша іліп 
қою; 
электр сымдар жүйесін жобалау 
орнына көтеру, арқанның бір ұшын 
анкермен бекіту, арқанды аралық 
аспалар 
және 
тартқыштармен 
біріктіру, арқанды алдын-ала тарту 
және оның екінші ұшын анкермен 
бекіту;
көтергіш арқанды соңғы рет 
тарту және анкерлік бұрандамалар 
мен керме жалғастырғыштарының 
көмегімен кемдік жебесін реттеу;
көтергіш арқанды және желінің 
барлық металл бөлшектерін жерге 
тұйықтау;


236 
арқан электр сымдар жүйесінің желісін жабдықтағыш 
магистраль желісіне қосу; 
электр сымдар жүйесін сынау және жарық әсерін тексеру.
Шамдар түріне, салмағына, тасымалдаудың шарттарына, 
объектінің алшақтығына және басқа да себептерге тәуелді немесе 
МЭЗ (шынысыз), немесе монтаждау кезінде тікелей жинақталады. 
Соңғы жағдайда, шеберханада шамдарды жинақтайды және оларды 
бекіту орындарын даярлайды. Арқанға ілінетін шамдар бір 
көлдеңен сызықтың бойында орналасуы шарт, ол аспаларды реттеу 
арқылы асырылады.
Уақытша 
көтеруші 
арқан 
ғимараттың 
қарама-қарсы 
қабырғаларына бекітілген уақытша анкерлерінде еденнен 1,2.1,6 м 
биіктігінде ілінеді. Жұмыстарды орындаудың қолайлығы және 
салбырлауды кеміту үшін оның астына үш аяқты тіреуішті 
орнатады. Көтеруші арқанды полипаст немесе жүкшығыр көмегімен 
осы электр сымдар жүйесіне қарастырылған салбырлау жебесі 
артық болып келетін қалпына дейін тарта отырып, тармақтау 
тораптарын және шамдарды құрастыру үдерісін іске асырады.
Жобалау орнына тартылған және ауыр салмақты арқанды 
электр сымдарды көтеру қарапайы көтергіш аспаптарының 
(блоктар, жүкшығыр және т.б.) көмегімен орындау ұсынылады. Осы 
кезде, ілмегі бар көтеруші арқанның бір ұшын қабырғаға бекітілген 
анкер ілгегіне іледі. Көтеруші арқанның екінші ұшын полипаст 
бетіне сына қысқышпен немесе шеткі ілмектен біраз қашықтықта 
орналасқан жұдырықшалы тартқышпен жалғайды, ал полипаст 
ғимараттың қарама-қарсы қабырғасында орнатылған басқа анкерлік 
ілгегіне іледі. Арқанның ұшы оған жинақталған керме 
жалғастырғышысымен бірге бос ілінген күйінде болады.
Анкерлердің арасында ілінген арқан сымын полипастпен соңғы 
күйге жақын болатындай етіп тартады. Тарту үдерісін бақылауды 
көтеруші арқанның салбырлау жебесі бойынша орындайды. 6 м 
аралығы үшін ол 100... 150 мм, ал 12 м — 200.250 мм болуы тиіс. 
ҚНжЕ бойынша бекіткіштер арасындағы аралықта арқанның 
салбырлау жебесі аралық
ұзындығының 1/40 бастап 1/60 дейінгі 
аралықты қамтуы шарт.
Тарту үдерісі аяқталған соң, керме жалғастырғышы бар көтергіш 
арқанның бос ілінген ұшын анкерлік ілмекке іледі, ал полипастіні 
босатып, оны арқаннан ажыратады және ілмектен шешіп алады.
Арқанды аралық бекіту диаметрі 1,5.2 мм болатты мырышталған 
сымнан жасалған ішектерінде орындалады. Аспалар арқанға немесе 
тармақтаушы қораптарды және шамдарды орнату жерлерінде 
бекітіледі.
Арқан электр сымдарының аспаларын ақырғы реттеуді керме 
жалғастырғыштың көмегімен жүзеге асырады.
Керме арқандары тораптың ұштарында екі нүктеде жерге 


237 
тұйықталады. Нөл сымы бар тораптарында керме арқаны оған қимасы
2,5 мм
2
болып келетін икемді мыс жалғастырғышысымен, ал 
оқшауланған бейтараптамасы бар тораптарында – жерге тұйықтау 
контурымен жалғанған шинасына жалғанады. Жерге тұйықтау өткізгіш 
ретінде керме арқанды қолдануға тыйым салынған.
Керме арқанды ғимараттың жерге тұйықтау желісіне ұзындығы 600 
мм ПГС-35 икемді болат жалғастырғышысын немесе ілмектің бос 
ұшын дәнекерлеу жолымен жерге тұйықтауға рұқсат етілген (8.9 
сурет).
8.9 сурет. Ілмектің бос ұшын (а) және икемді болат жалғастырғышын 
дәнекерлеу арқылы арқанды жерге тұйықтау:
1 — арқандағы соңғы ілмек; 2 — ажыратылған оқшаулануы бар арқан; 
3
— арқан 
ілмегінің бос ұшы; 4 — жалауша ұшы; 5 — жерге тұйықтаудың шинасы; 
6
— 
тармақтаушы қысқыш; 7 — икемді болат жалғастырғышы.
Жұмыстардың шағын көлемі кезінде арқан сымы ол 
монтаждалатын цехте тікелей даярлануы ықтимал. Ол үшін алдын-
ала өңделген және боялған ыстық-иленген сымды жүкшығырмен 
тартады, трассаның бойымен тарқатады және уақытша қолжетімді 
биіктікте бекітеді (оны екі жағынан алдын-ала ілмектермен 
тұйықтап, жерге тұйықтауға арналған жалаушаларды жабыстырып 
және тармақтаушы қораптары үшін іргенің таңбасы бойынша 
орнатып).
Желілеуге арналған сым немесе арқанды қораптардың ара 
қашықтықтарына сәйкес болатындай өлшеулі кескіндерге кеседі, 
және оларды әрбір 300...350 мм сайын керме сымында металды 
шентемір тілкемдермен немесе түймешігі бар поливинилхлоридтік 
таспасымен бекітеді. Одан кейін сымның немесе арқанның ұштарын 
қораптарға немесе пластмасса тұрқысындағы тармақтаушы 
қысқыштарға 
өткізеді 
және 
қажетті 
жалғастырулар 
мен 
тармақтауларды орындайды (тарату және ұштарды таңбалаудан 
кейін).


238 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет