Технологиясы



Pdf көрінісі
бет121/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

9.3.
 
Метрологияның жалпы түсініктері 
9.4.
 
 
Бұйымды дайындаудың дәлдігіні, технологиялық үдерістердің 
сапасына, өлшеу әдістері мен құралдарына қойылатын жоғары 
талаптар мемлекеттік деңгейде өлшеу бірлігін қамтамасыз етпестен, 
шаралар мен өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау жүйесін 
құрмастан, сонымен қатар, өндіріс, өлшеу және өлшеу құралдарын 
пайдалану үшін қажетті ережелер мен шарттарды стандарттамастан 
орындала алмайды. Осы шаралардың барлығы метрологиялық 
жабдықтама немесе метрология деп аталады. Біздің елде «Өлшеу 
бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданған.
Негізгі 
метрологиялық 
терминдер 
және 
анықтамалар. 
Метрология – өлшеу, олардың бірлігі мен қажетті дәлдікке жету 
әдістерін қамтамасыз ету құралдары мен тәсілдері туралы ғылым. 


284 
Өлшеу 
– арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелі 
жолмен физикалық шаманың мәнін табу. 
Өлшеу бірліктері
– берілген қателікпен заңдастырылған бірлікпен 
өлшеу нәтижелерінің өрнегі. 
Физикалық шама
– сапалық мағынада физикалық объектілердің 
жалпысы, бірақ сандық мағынада әрбір объект үшін жеке. 
Шаманың сандық мәнін алу әдісі бойынша барлық 
өлшемдер төрт түрге бөлінеді: тікелей, жанама, жиынтық және 
ортақ. 
Тікелей өлшемдер
– бұл тәжірибелі деректерден: оны 
өлшеммен салыстырғанда немесе өлшеу құралының көрсеткіші 
түрінде (сызғыш, термометр, вольтметр) алынған өлшенетін 
шаманың мәнін анықтау. 
Жанама өлшемдер
– бұл олармен белгілі тәуелділікпен 
байланысты басқа шамаларды тікелей өлшеу нәтижелері бойынша 
өлшенетін шамасын анықтау. Мысалы, Р = IU қуатын U 
вольтметрмен кернеуді және I амперметрмен тоқ күшін өлшеу 
нәтижелері бойынша табуға болады. 
Жиынтық өлшемдер
– теңдеулер жүйесін шешу арқылы 
бірнеше бір аттас физикалық шамалардың мәнін анықтау. Мысалы, 
контурлық тоқ әдісімен күрделі электр тізбегіндегі тоқ мәнін 
анықтау. 
Ортақ өлшемдер
– екі және одан да көп бір аттас емес 
физикалық шамаларды тікелей өлшеу және содан кейін бір немесе 
теңдеулер жүйесін шешу арқылы іздеген мәнді анықтау. Мысалы, 
өткізгіштің кедергісінің температуралық коффициентін өткізгіштің 
R кедергісін және оның t температурасын тікелей өлшеу нәтижелері 
бойынша анықтауға болады, яғни R = R 0(1 + amt) өрнегі бойынша, 
мұнда R 0 - 0 °С кезіндегі өткізгіштің кедергісі. 
Өлшеу әдістері
– өлшеу құралдары мен қағидаларын 
пайдалану амалдарының жиынтығы. Мысалы, электрлік шамаларды 
өлшеу кезінде тікелей бағалау және салыстыру әдістері 
қолданылады. 
Тікелей бағалау әдісі
өлшенетін шаманың бірліктеріне 
градустандырылған өлшеу құралдарын, шәкілдерді пайдалануға 
негізделген. Осы кезде өлшенетін шаманың мәнін өлшеу жүргізетін 
тұлға тарапынан қандай да бір қосымша әрекеттерсіз және 
есептеусіз тікелей алады (өлшеу құралының тұрақтысына немесе 
бөлу бағасына оның көрсеткіштерін көбейткеннен басқа). 
Электрлік өлшеуде салыстыру
әдістерінен басқаларынан 
жиі қарсы қойып салыстыру, дифференциалдық және нөлдік әдістер 


285 
қолданылады. 
Қарсы қойып салыстыру әдісінің
мәні салыстырылатын 
құрылғы (компаратор) кірісіне шығарылатын шаманың өлшенетін 
шамалары және оның шамасына бір аттас сигналдар беріледі және 
де олардың арасындағы қатынасты шығыс сигналы бойынша 
анықтайды (мысалы, компенсатор көмегімен қалыпты элементтің 
ЭҚК оны салыстыру жолымен тұрақты тоқтың кернеуін өлшеу). 
Дифференциалдық әдістің
мәні жүргізілетін шараның 
шамасы мен өлшенетін шаманың айырмаларын құралмен өлшеуден 
тұрады. 
Нөлдік өлшеу
әдісінің мәні өлшенетін шама мен жүргізілетін 
шараның шамасы арасындағы айырма нөлге дейін әкелетінінде 
болып тұр. 
Жоғарыдағы 
әдістермен 
қарастырылған 
физикалық 
шамаларды түрлендіру немесе өлшеу үшін өлшеу құралдары, яғни 
өлшеу 
кезінде 
қолдану 
үшін 
тағайындалған 
және 
қалыптандырылған метрологиялық сипаты бар техникалық 
құралдар қызмет етеді. 
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
– 
осы құралдардың көмегімен орындалатын өлшеу нәтижелерінің 
дәлдігі тәуелді сипаттар. 
Өлшем жинақтары
– түрлі үйлесімділікте қолданылатын 
құрылымдық жекеленген өлшемдер жинақтамасы (резисторлар 
дүкені, сыйымдылықтар дүкені). 
Өлшеу құралы
– есепті құрылғысының (вольтметр, 
амперметр) болғанының арқасында қадағалаушы ақпаратты тікелей 
қабылдау үшін қолжетімді формада сигналды өндіру үшін 
тағайындалған өлшеу құралы. 
Өлшеу түрлендіргіші
– өлшеу ақпаратын одан әрі 
түрлендіруге, беруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы, бірақ тікелей 
қадағалаушы қабылдауға берілмейтін кіріс өлшеу сигналын шығыс 
сигналына түрлендіру үшін тағайындалған өлшеу құралы (өлшеу 
трансформаторы, калибрленген шунт). 
Өлшеу жүйесі
– өлшеу құралдары және байланыс 
каналдарымен өзара байланысқан қосалқы құрылғылардың 
жиынтығы. 
Өлшеу ақпараты
бар өлшеу сигналының параметрі 
ақпараттық параметр деп аталады. 
 Эталон
— өндірісін және (немесе) өлшеу құралдарының 
тексеру кестесі бойынша төмендегілерге олардың өлшемдерін беру 
мақсатында өлшеу бірлігін сақтауды қамтамасыз ететін ресми 


286 
бекітілген (МЕМСТ 8.417 — 81) өлшеу құралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет