290
мерзімінің жартысы өтіп кеткен кезде, сонымен қатар, олардың
жарамдылығына көз жеткізу қажет болған барлық жағдайларда.
Өлшегіш құралдардың метрологиялық ревизиясы оларды
дайындауды,
жөндеуді, пайдалануды, сақтау мен сатуды жүзеге
асыратын кәсіпорында жүргізіледі. Ревизияның мақсаты – өлшегіш
құралдарды жетілдіру және олардың өндірісінің метрологиялық
жабдықтамасының тиімділігін арттыру. Метрологиялық қасиеттері,
әдістері мен тексеру құралдары, пайдалануға өлшегіш құралдардың
жарамдылығы мен ақауы жоқтығы бойынша даулы мәселелер
туындаған кезде метрологиялық сараптама жүргізіледі.
Метрологиялық
қадағалауды
Ресей
Мемстандарты
басқаратын және мемлекеттік және ведомстволық метрологиялық
қызметтен тұратын бірыңғай метрологиялық қызмет жүзеге
асырады.
Метрологиялық мемлекеттік қызметке кіретіндер:
ғылыми-әдістемелік,
техникалық-экономикалық,
халық
шаруашылығының
метрологиялық
жабдықтамасының
ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін жасайтын Ресейдің
мемлекеттік метрологиялық қызметінің басты орталығы;
мемлекеттік эталондардың басты орталықтары – мемлекеттік
эталондардың, әдістер мен өлшегіш құралдардың физикалық
шамаларының мемлекеттік стандарттарын
құратын метрологиялық
институттар.
Ведомстволық метрологиялық қызметке кәсіпорындарда
және ғылыми-зерттеу институттарында өлшегіш құралдарының
жағдайы мен қолданылуына ведомстволық бақылауын жүзеге
асырушы басты және негізгі ұйымдар кіреді.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеті Өлшем
бірліктерді
қамтамасыз
етудің
мемлекеттік
жүйесінің
стандарттарын (МСЖ), яғни өлшеу дәлдігін бағалау мен сақтау
бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру мен әдістемесін
анықтайтын белгіленген өзара байланысты ережелер, қағидалар,
нормалар мен талаптарды сақтау жолымен өлшеудің бірлігі мен
нақтылығына жетуге бағытталған.
МСЖ тексерудің негізгі
объектілері болып табылатындар: физикалық шамалардың
бірліктері; мемлекеттік эталондар мен жалпыодақтық тексеру
сызбалары, әдістері мен өлшегіш құралдардың тексеру аспаптары;
өлшеу дәлдігінің нормалары; өлшеуді орындау және МЕМСТ 1.25-
76 белгіленген басқа да әдістемелер.
Тексерістерді сәйкес рұқсаты бар тек метрологиялық қызмет
ғана жүргізе алады. Мемлекеттік тексерісті мемлекеттік тексеруші
291
біліктілігі бар тұлғалардың атқаруға құқығы бар.
Тексерудің негізгі операциялары өлшегіш құралдардың
қателігін және олардың көрсеткіштерінің түрленуін анықтауға алып
келеді. Әдетте тексерісті келесі тәсілдердің бірімен орындайды:
үлгілік өлшем бойынша тікелей салыстыру, компарирлеу немесе
өлшеммен жүретін шаманы өлшеудің тексеретін құралымен өлшеу.
Тексеріс кезінде бақыланатын сипаттар мен белгілердің тізімі
өлшегіш құралдың нормативті-техникалық құжатымен, әсіресе,
техникалық шартпен реттеледі. Өлшегіш құралдардың көбісі үшін
көрсеткіш қателігі мен түрленімі
олардың жұмысының қалыпты
жағдайлары кезінде анықталады.
Көрсеткіштерді тікелей салыстырумен тексерудің мәні
тексерілетін және үлгілік өлшегіш құралдармен осы және сол
шаманы біруақытта өлшеуден тұрады. Компарирлеумен тексеру
кезінде тексерілетін өлшемнің көрсеткіштері салыстырудың
өлшегіш құралының көмегімен үлгілік өлшем көрсеткішімен
салыстырылады. Үлгілік өлшем бойынша өлшегіш құралдарды
тексеру үдерісі үлгілі өлшеммен шығарылатын физикалық шаманы
өлшеуге саяды (мысалы, омметр нұсқары қысқыштарына омметр
қосылған кедергі магазиніндегі резисторды пайдалана отырып,
шәкілдің нақтылы белгісіне орнатады).
Тексеріс нәтижелері негізгі
заңды құжат болып табылатын
хаттамамен рәсімделеді.
Мемлекеттік метрологиялық қызметке біздің елдегі өлшем
мен өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар, пайдалану
мен тексеруге өлшегіш құралдардың толық дайындығын
қамтамасыз ететін шараларды семестрлік қадағалау қызметі
жүктелген. Метрологиялық институттар мен зертханалар өлшем
бірліктердің шығу мен берілуін жүзеге асырады, сонымен қатар,
жоғары дәлдікті барлық жұмыс жасайтын өлшегіш құралдар –
өлшем бірліктердің мемлекеттік
эталондары және халықаралық
эталондары арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Ведомстволық метрологиялық қызмет өз қызметінде
кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобымен аясымен шектелген және
өлшегіш құралдардың кең шеңберін тексеруге шақырылған, сондай-
ақ, мемлекеттік тексеру органдарынан гөрі, неғұрлым жедел және
де оларды пайдалану шарттары бойынша бұл қаншалықты талап
етілсе. Бұл қызметтің құрамына кіретіндер: метрология бөлімі,
метрологиялық
қызметтің
бас
және
негізгі
ұйымдары,
кәсіпорынның
басты
метрологтардың
бөлімдері.
Бірқатар
жағдайларда бас метролог бөлімі ұйымдастырылмайды, ал тексеру
292
мен бақылау бойынша барлық қажетті
функцияларды өлшегіш
техниканың орталық зертханасы орындайды. Кәсіпорындағы
метрологиялық қызметтің басшысы стандарт талаптарына жауап
бермейтін және өлшем бірліктерді бұзатын өлшегіш құралдарды
шығаруға немесе пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
Міндетті мемлекеттік тексерістің мерзімділігі стандартпен
(әдетте 1...3 жыл) орнатылады. Ведомстволық тексерістің
мерзімділігін ведомостішілік құжаттар (зауыт ішілік) орнатады.
Мемлекеттік немесе ведомстволық тексеріске олардың
мәндерін бағаламастан физикалық шамалардың өзгерісін қадағалау
үшін тағайындалған индикаторлар, сонымен қатар,
өлшеудің оқу
құралдары жатпайды; оларға И (индикатор) және О (оқу) деген
белгілер жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: